https://sputnik.kz/20231023/mangystauda-zhana-gaz-qubyry-iske-qosyldy-39601435.html
Маңғыстауда жаңа газ құбыры іске қосылды
Маңғыстауда жаңа газ құбыры іске қосылды
Sputnik Қазақстан
Смайылов аталған жоба өңірдің экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті 23.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-23T19:10+0500
2023-10-23T19:10+0500
2023-10-23T19:10+0500
жаңаөзен
газ
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/17/39596218_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_377391fc6391ecf74bff0613fc90d0fc.jpg
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов телекөпір арқылы ұзындығы 308 шақырым болатын "Бейнеу-Жаңаөзен" магистралды газ құбырының екінші желісін іске қосты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.Әлихан Смайылов аталған жоба өңірдің экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.Оның айтуынша, "Бейнеу-Жаңаөзен" газ құбырының екінші желісінің өткізу қабілеті жылына 5,8 млрд текше метрді құрайды. Бұған дейін "Окарем-Бейнеу" газ құбырының аталған бағыт бойынша өндірістік қуаты шамамен 3 млрд текше метр ғана болатын.Енді екі газ құбырының жалпы өткізу қабілеті жылына шамамен 9 млрд текше метрге жетеді, бұл өңір қажеттіліктерін толығымен жабады."Көгілдір отынды үздіксіз жеткізу Маңғыстау облысының экономикалық дамуына белсенді ықпал етеді. Сонымен қатар аталған жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі", — деді Әлихан Смайылов."Бейнеу-Жаңаөзен" жаңа газ құбырын салу жобасына QazaqGaz және "Самұрық-Қазына" АҚ-ның жеке қаражаты есебінен шамамен 180 млрд теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар "Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау" ірі газ құбырының үш желісін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.
жаңаөзен
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/17/39596218_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_62f79e1b7bc5c29ec5128fb8fb85f672.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жаңаөзен, газ
Маңғыстауда жаңа газ құбыры іске қосылды
Смайылов аталған жоба өңірдің экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті
АСТАНА, 23 қазан – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов телекөпір арқылы ұзындығы 308 шақырым болатын "Бейнеу-Жаңаөзен" магистралды газ құбырының екінші желісін іске қосты, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
"Бейнеу-Жаңаөзен" магистралды газ құбырының екінші желісін іске қосу елді мекендерді, ірі өнеркәсіптік нысандарды, сондай-ақ жылу және электр қуатын өндіретін Маңғыстау облысының бас энергетикалық кәсіпорны – "МАЭК" ЖШС-ны газбен тұрақты түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деп жазылған хабарламада
Әлихан Смайылов аталған жоба өңірдің экономикалық дамуы үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті.
Оның айтуынша, "Бейнеу-Жаңаөзен" газ құбырының екінші желісінің өткізу қабілеті жылына 5,8 млрд текше метрді құрайды. Бұған дейін "Окарем-Бейнеу" газ құбырының аталған бағыт бойынша өндірістік қуаты шамамен 3 млрд текше метр ғана болатын.
Енді екі газ құбырының жалпы өткізу қабілеті жылына шамамен 9 млрд текше метрге жетеді, бұл өңір қажеттіліктерін толығымен жабады.
"Көгілдір отынды үздіксіз жеткізу Маңғыстау облысының экономикалық дамуына белсенді ықпал етеді. Сонымен қатар аталған жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін нығайта түседі", — деді Әлихан Смайылов.
"Бейнеу-Жаңаөзен" жаңа газ құбырын салу жобасына QazaqGaz және "Самұрық-Қазына" АҚ-ның жеке қаражаты есебінен шамамен 180 млрд теңге инвестиция тартылды. Сонымен қатар "Жаңаөзен-Жетібай-Ақтау" ірі газ құбырының үш желісін күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.