Батыстағы БАҚ Украина мен Ресейдің бейбіт келіссөз жүргізуі туралы жаза бастады

© Sputnik / Konstantin Mihalchevskiy / Медиабанкке өтуВид на Балаклавскую бухту
Вид на Балаклавскую бухту - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.10.2023
Жазылу
АҚШ президенті Джо Байденнің арқасында Украина туралы Батыс баспасөзі қайта жаза бастады. Себебі Таяу Шығыстағы жарылыстар басталған 7 қазаннан кейін бұл географиялық термин әлемдік БАҚ-тан біраз уақытқа мүлдем жоғалып кетті. Тіпті бір аптадан кейін The New York Times газеті "Украинаны қолдау шарықтау шегіне жеткенін, енді тек төмендейді деп болжауға мәжбүр болды, деп жазды РИА Новости.
Бірақ өткен жұмада Байден халыққа үндеу жолдап, ол Ресей мен ХАМАС қозғалысы арасындағы ұқсастықтар бар деп мәлімдеді. Батыстың көптеген шолушылары мен сарапшылары Байденнің сөзін дұрыс деп санап, Украинаны қолдаудың қаншалықты маңызды екенін жұртшылыққа жеткізуге тырысты.
Әсіресе Киев режимінің Еуропадағы жақтаушылары Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон мен француздық саясаткер Бернар-Анри Леви үлкен қолдау көрсетіп жатыр. Олар тіпті екі тілде ортақ мақала жазып, онда жұртшылықты Батыс бір мезгілде Израиль мен Украинаны қолдауы керек деп сендірді. Бір қызығы, олар "Авдеевка" дегенді The Daily Telegraph газетіндегі ағылшын тіліндегі нұсқада "Адвиика" (Adviika), Le Figaro беттеріндегі француз тіліндегі мақалада "Андиивка" (Andiivka) деп жазған.
Борис Джонсон бұл тақырыпты Daily Mail беттеріндегі өз мақаласында жалғастырып, бүкіл әлемді Байденнің нұсқауларын орындауға шақырды.Оның айтуынша, өйткені "барлық ұйымға көшбасшы керек".
Қазір батыс баспасөзінде осыған ұқсас көптеген мақала жарияланып жатыр. Бірақ Украина туралы жаңа батыс материалдарында басқаша бір үрдіс пайда болды. Яғни, күні кеше ғана "Ресейді ұрыс даласында жеңуге" және "Украинаны 1991 жылғы шекарада қалпына келтіруге" шақырғандардың көпшілігі кенеттен қақтығысты дипломатиялық жолмен шешу және тіпті Мәскеуге жеңілдіктер беру туралы айта бастады.
Өткен күні Бейжіңде сөйлеген сөзінде Владимир Путин де дәл осы үрдіске назар аударды.
"Сыртқы саясаттың бағытын қадағалайтын және жақында ғана Ресейді ұрыс даласында стратегиялық жеңіліске ұшырату қажеттігін айтқан жауапты адамдар қазірдің өзінде басқаша сөйлеп, бұл мәселелерді бейбіт келіссөздер арқылы шешу қажеттілігі туралы айтып жатыр. Бұл дұрыс дұрыс бағыттағы трансформация", - деді Владимир Путин.
Тағы бір мысал. The Times газетінде әйгілі британиялық журналист (The Daily Telegraph газетінің бұрынғы бас редакторы) және әскери тарихшы Макс Хастингс Джонсон секілді мәлімдеме жасап, "Әлем Украинаны қолдауда шаршамауы керек" деп ​​жазды. Әрі қарай ол "егер Путинге Украинада жеңіске жетуге жол берілсе, барлық демократиялық ел үшін баға тарихи және қайғылы оқиға болады" деген.
Бірақ кенеттен автор өз ойына өзі қайшы келетін мынандай пікір жазды: "Қоғамдық жанашырлықты сақтау үшін оккупацияланған әрбір метр жерді Киевке қайтарғанша соғысу керек деген бос сөздің орнына бұл қақтығыстың ақиқатқа сай қорытындысын тұжырымдау қажет сияқты. Қанша ұрандатқанмен, Қырым мен шығыс Донбассты азат ету мүмкін емес. Тіпті саяси мүдде болғанымен, бұл мақсатқа жетудің әскери құралы жоқ және болмайды".
Егер Батыстың бас газеттерінің авторлары Ресейдің құрамына кірген аумақтарды Украинаға қайтарудың шындыққа жанаспайтынын мойындай бастаған болса, бұл Путин айтқандай расында да "дұрыс бағыттағы трансформация". Оның үстіне мұндай сипаттағы мақалалар көбейіп барады. Тіпті The Los Angeles Times газетінің өзі "Ресейге кейбір жеңілдіктерге" жол беріп отыр.
Танымал америкалық журналист және The Nation журналының баспагері Катрина Ванден Хювел Байден командасы Украина мәселесіне қатысты жағдайдың өзгеруіне біртіндеп көніп, әкімшілік Украинаның қайғы-қасіретін ұзартпай, оны тоқтату үшін дипломатиялық бағытта жұмыс істеуі керек" деп түйіндеді. Ол Eurasia тобының жақында жүргізген зерттеуін негіз ретінде келтіреді: онда америкалықтардың 58 пайызы қазірдің өзінде Ақ үй украиналық қақтығыс тараптарын бейбіт келіссөздер жүргізуге шақыруы керек деп санайды.
Жаңалықтар
0