Спорт

Қазақстандық каратэшілер үш медаль жеңіп алды

© Sputnik / Михаил Киреев / Медиабанкке өтуҚазақстандық жанкүйер
Қазақстандық жанкүйер - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2023
Жазылу
Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарына Ұлттық құрама сапында барлығы 7 спортшы барды
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Сауд Арабиясының астанасы Ар-Риядта Дүниежүзілік жауынгерлік өнер ойындарында WKF каратэден жарыс аяқталды. Қазақстандық спортшылар үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Кумите бағдарламасы бойынша финалға шыққан Дидар Анарбеков (+84 кг) жарыс қожайыны Санад Суфианиге жол беріп қойды. Ал 68 кг дейінгі салмақта өнер көрсеткен Нүрия Тізімбай жартылай финалда марокколық Виссал Эззардан ұтылды.
Жастар құрамасының аға бапкері Шаттық Қажымұқанның айтуынша, екі күнге созылған каратэшілер жарысында спортшыларымыз үш медаль жеңіп алды.
"Оның екеуі күміс, біреуі қола. Барлығы Ұлттық құрама сапында 7 спортшы келді. Өкінішке қарай, бүгін бақ сынаған Николь Ценгель жарақат алып, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Жалпы мына ойындар біздің қыз-жігіттерге зор тәжірибе жинауға септігін тигізді", - дейді Қажымұқан.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстан каратэшәлері Бейжің мен Санкт-Петербургте өткен жауынгерлік өнер ойындарына қатысқан. Бірақ медаль иеленген жоқ.
Жаңалықтар
0