Қазақстан мен Ресейдің дипломатиялық байланыстарына 31 жыл толды

© Sputnik / Владислав ВодневФлаги России и Казахстана
Флаги России и Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 қазан – Sputnik. Бүгіне Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылғанына 31 жыл толып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Біздің елдеріміз Орталық Азия мен Каспий аймақтарында қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосып келеді. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық және халықаралық деңгейде ынтымақтастық қарқынды дамып жатыр", - делінген Ресейдің Қазақстандағы елшіліктің ресми хабарламасында.
Елшілік қызметкерлері екі жақты әріптестікке қатысты бірнеше маңызды жайттарды да ерекше атап өтті.
Олар:
Ресей Қазақстандағы тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі жағынан үздік бестікке кіреді: Жалпы көлемі - $1,52 млрд;
17 жылдың ішінде РФ Қазақстанға $20 млрд-тан астам қаржы салды, ал Қазақстан Ресейге — $6 млрд;
Қазақстандық экспорттың 10 проценті (3-орын) және импорттың 34,7 проценті (1-орын) Ресейге тиесілі;
Атом энергетикасы бойынша бірлескер жобалар қолға алынды, соның ішінде байытылған уранды өндіру де бар;
Мұнай саласында Қазақстан ресейлік "Лукойл" мен "Татнефть" компанияларымен, сондай-ақ қазақстандық "Урихтау Оперейтингпен 8 млрд долларға келісімшарт жасады.
Ресейлік компаниялар Қаламқас-теңіз, Хазар мен Әуезов кен орындарында мұнай өндірумен айналысады. Оған қоса, Қаратон деген жерде мұнай мен газға барлау жасайды.
"Лукойлдың" өзі 2023-2029 жылдарға $6 млрд салуға мүдделі;
Қазақстан Ресей үшін бериллий мен танталды жеткізуші негізгі мемлекет болып саналады. Осы шикізатты қорғаныс пен микропроцессор шығару саласында кеңінен қолданады;
Жаңалықтар
0