Дәрігер тұмаудың алдын алу үшін не істеу керегін айтты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуЛекарственные препараты и градусник для измерения температуры
Лекарственные препараты и градусник для измерения температуры - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.10.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 22 қазан - Sputnik. Тұмау - қауіпті жұқпалы ауру. Дәрігерлер осындай пікірде. Қауіпті аурудан қалай сақтану керек, Sputnik Қазақстан тілшісі ақ халаттылардың кеңесін тыңдап көрді.
Асылбек Ерубаевтыңтың айтуынша, кез келген ауру денсаулыққа қауіпті. Әсіресе тұмауға немқұрайды қарауға болмайды.
"Тұмау әсіресе жылдың күзгі-көктемгі кезеңінде көбірек кездеседі және суық мезгілде көбірек болады. Себеп: бұл ауа температурасының төмендеуі және адамдар бұған дайын еместігі. Ауа температурасының өзгеруі және сәйкес келмейтін киім тұмаудың бірден бір себебі. Күн райы таңертең суық, ал түсте ыстық, жылу алмасудың бұзылуынан қарапайым: терлеу, киім дымқыл, салдарынан адам суықтап қалады. Тұмаудың қоздырғыштары әртүрлі вирустар (А,В,С) және олар әлемде кең таралған. Әрбір ересек адам кем дегенде жылына 2 рет, оқушылар 3 рет, мектеп жасына дейінгі балалар, 6 ретке дейін тұмау немесе ЖРВИ мен аурады екен", - дейді Алмалыбақ ауылдық амбулаториясының бас дәрігері Асылбек Ерубаев.
Тағы бір тікелей себеп - қоршаған орта. Жас балалар мен жүкті әйелдер және қарт адамдар немесе созылмалы ауруы бар адамдар үшін тұмау өте қауыпті.
"Бұл адамдарда тұмау ауыр түрде өтеді және асқынуларға әкеліп соқтырады. Ауырғандардың 10-15% асқынуға шалдығады ең жиі кездесетін асқынулар: өкпенің қабынуы, отит, гайморит, менингит. Тұмау ауа тамшылары арқылы жұғады: түшкіру, жөтелу,сөйлесу арқылы. Тіпті белгілі бір уақыт аралығында ол еңбекке жарамсыз етіп тастайды", - дейді Асылбек Ерубаев.
Тұмау әсіресе балалар мен ұжым арасында тез таралады. Сондай-ақ иммунитеті төмен адамдар жиі ауырады.
"Тұмауға немқұрайды қарауға болмайды. Бұл - өте қауіпті жұқпалы ауру. Өзін өзі емдеумен айналысуға болмайды. Міндетті түрде дәрігер көмегіне жүгіну керек. Жалпы тұмаудың алдын алу үшін ең алдымен иммунитетті көтеру керек", - дейді дәрігер.
Дұрыс тамақтану, міндетті түрде таза ауада серуендеу, үйді күніне бірнеше рет желдету керек.
"Тұмау жүріп жатқанда адамдар көп шоғырланған жерден аулақ болыңыз. Міндетті түрде жеке қорғаныс маскасын киіңіз. Қазіргі күні тұмауға қарсы гриппол үш валентті белсенді екпе жүргізіліп жатыр. Барлық емдеу мекемелерінде бұл екпе тегін. Біз үш түрлі жұқпалы ауру болуы мүмкін деп болжап отырмыз. Осы үш түрлі ауруға бұл екпе қарсы тұра алады", - дейді Асылбек Ерубаев.
Тұмау басталар алдында 1-2 ай бұрын тұмауға қарсы вакцинация алу керек.
Сондай-ақ 0.25%-0,5% оксалин майын күніне 2-3 рет мұрын ішіне жағу керек. Жалпы тұмаудың ең алғаш қалай пайда болып, қай жерден шыққаны белгісіз. Ең алғаш АҚШ жерінде таралды дейді, десе де Америка құрлығына Азиядан келген деген де болжамдар бар.
Жаңалықтар
0