Қазақстаннан жіберілген 27 вагон жүк Ауғанстанға жетті

© Photo : пресс-служба МИД Казахстана Казахстанская гуманитарная помощь прибыла в афганскую провинцию Балх
 Казахстанская гуманитарная помощь прибыла в афганскую провинцию Балх - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2023
Жазылу
Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмектің жалпы салмағы – 1662 тонна
АСТАНА, 21 қазан – Sputnik. Ауғанстанның Герат провинциясындағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге арналған гуманитарлық көмектің кезекті партиясы жеткізілді. Осы елдің өкілдері "Хайратон"" теміржол станциясынан күтіп алды, деп хабарлайды сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстаннан жіберілген гуманитарлық көмектің жалпы салмағы – 1662 тонна. Күріш, ұн, өсімдік майы, сүт консервілері, матрацтар, көрпелер, жаймалар, жастықтар, жылы киімдер, шатырлар, зығыр маталар, жастық қаптары мен кереуеттер секілді қажетті хаттар 27 вагонға тиеліп жеткізілді.
Балх провинциясы губернаторының орынбасары Идрисс ауған халқы атынан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа, үкімет пен қазақ халқына тұрақты және жедел гуманитарлық көмек көрсеткені үшін алғыс білдіріп, екі ел халықтары арасында берік достық байланыстардың бар екенін ерекше атап өтті.
Айта кетері, биыл 7 қазанда Ауғанстанның Герат провинциясында жойқын жер сілкіністері болған еді. Осыдан кейін гуманитарлық көмектің бірнеше партиясын жіберуге шешім қабылдады. Ал қазақстандық құтқарушылар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқаруға барды.
Казахстан направляет гуманитарный груз в пострадавший от землетрясения Афганистан - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Қазақстан Ауғанстанға гуманитарлық жүк жіберді
Жаңалықтар
0