Арқалықта құны 24 млрд тенге болатын жел электр станциясы салынып жатыр

© Photo : Пресс-служба акима Жетысуской областиВ Жетысуской области состоялся запуск ветровой электростанции с мощностью 50 мегаватт "Абай-2"
В Жетысуской области состоялся запуск ветровой электростанции с мощностью 50 мегаватт Абай-2 - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2023
Жазылу
Жоспар бойынша жел электр паркі алдағы желтоқсан айында пайдалануға беріледі
АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Арқалықта салынып жатқан жел станциясының қуаты қала мен жақын маңдағы аудандардың қажеттіліктерінен үш есе көп энергия береді, деп хабарлайды 24.kz.

"Арқалық қаласы Аманкелді, Жанкелдин аудандарын қосқан кезде электр энергиясын тұтыну қажеттілігі 16 мегаватты ғана құрайды. Сонда біздің қажеттілігімізден 3 есе артық энергия береді. Мұнда бұл энергия ортақ желіге қосылады да, Қазақстан бойынша қай жерде қажеттілік туындайды, сол жерге өздері таратып тұрады", - деді Арқалық қаласы әкімігің орынбасары Абзал Тәшімов.

"Жасыл" станция – 2023-27 жылдарға арналған қаланы кешенді дамыту бағдарламасына енгізілген ең ірі жоба. Жалпы құны – 24,3 миллиард тенге.
"Қазіргі уақытта 10 жел турбинасы орнатылды. Бұдан бөлек, қосалқы станция мен қызметкерлерге арналған ғимараттың құрылысы жүріп жатыр" - деп атап өтті әкімдік.
Жоспар бойынша жел электр паркі алдағы желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Станцияда 20 адам тұрақты жұмыс істейді деп жоспарланған және арадағы келісім бойынша барлығы жергілікті тұрғындар болуы шарт. Мұндағы жел құрылғыларының қуаты – 48 мегаватт. Мамандардың айтуынша, бұл Қостанай облысының оңтүстік өңірін электр энергиямен қамтуға артығымен жетеді.
Жел энергиясы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
Экономика
Қытай Қазақстанда жел паркін және жел турбиналарын шығаратын зауыттар салады
Жаңалықтар
0