https://sputnik.kz/20231020/sauda-ministrligi-106-turli-tauarga-ne-sebepti-shekteu-engizilgenin-tusindirdi-39514720.html
Сауда министрлігі 106 түрлі тауарға не себепті шектеу енгізілгенін түсіндірді
Сауда министрлігі 106 түрлі тауарға не себепті шектеу енгізілгенін түсіндірді
Sputnik Қазақстан
Ведомство тауарды Ресейге экспорттауға ешқандай тыйым салынбағанын атап өтті 20.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-20T08:39+0500
2023-10-20T08:39+0500
2023-10-20T09:57+0500
дрон
тауар
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30472034_35:0:991:538_1920x0_80_0_0_9e33c0fc7c271294ecd41e6b169c0c02.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға тыйым салынғаны туралы ақпарат дұрыс емес, деп мәлімдеді Сауда және интеграция министрлігі."Сауда және интеграция министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға тыйым салынғаны туралы ақпараттың дұрыс еместігін ресми түрде мәлімдейді", - деп жазылған хабарламада.Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынастарын реттеу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарттың ережелеріне толық сәйкес жүргізіледі.Министрлік экспорттық бақылауға жататын "қос мақсаттағы" тауарлармен сауда ҚР халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті."Қазақстан заңнамасына сәйкес мұндай тауарларға қатысты экспорт, импорт және транзит кезінде тиісті лицензия алу қажет. Экспорттық бақылау жүйесі қос мақсаттағы тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу үшін қажетті рұқсат құжаттарын алуды көздейтін сауда саясатының ерекше саласы болып саналады", - деп толықтырды ведомство.Экспорттық бақылау ұлттық құзыретке жатады, ол ЕАЭО туралы шартта да бар.Сауда және интеграция министрлігі бұл ретте қос мақсаттағы тауарларды экспорттық бақылау халықаралық тәртіпке сай 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқанын еске салды.
https://sputnik.kz/20231019/qazaqstan-batys-sanktsiyalaryna-baylanysty-106-turli-tauardy-eksporttaudy-shektedi-39486356.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/0c/14/30472034_154:0:871:538_1920x0_80_0_0_aa0be9a6555bbc0dd9b44f8b161d0993.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дрон, тауар, еаэо
Сауда министрлігі 106 түрлі тауарға не себепті шектеу енгізілгенін түсіндірді
08:39 20.10.2023 (жаңартылды: 09:57 20.10.2023) Ведомство тауарды Ресейге экспорттауға ешқандай тыйым салынбағанын атап өтті
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға тыйым салынғаны туралы ақпарат дұрыс емес, деп мәлімдеді Сауда және интеграция министрлігі.
"Сауда және интеграция министрлігі бұқаралық ақпарат құралдарында тараған Ресейге тауарлардың 106 түрін сатуға тыйым салынғаны туралы ақпараттың дұрыс еместігін ресми түрде мәлімдейді", - деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан мен Ресейдің сауда қатынастарын реттеу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) туралы шарттың ережелеріне толық сәйкес жүргізіледі.
"Ресейге қарсы санкцияларға байланысты Ресей Федерациясына кез келген тауарларды экспорттауға тыйым салынбаған", - деп жазылған хабарламада.
Министрлік экспорттық бақылауға жататын "қос мақсаттағы" тауарлармен сауда ҚР халықаралық міндеттемелеріне сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.
"Қазақстан заңнамасына сәйкес мұндай тауарларға қатысты экспорт, импорт және транзит кезінде тиісті лицензия алу қажет. Экспорттық бақылау жүйесі қос мақсаттағы тауарларды әкелу, әкету және транзиттеу үшін қажетті рұқсат құжаттарын алуды көздейтін сауда саясатының ерекше саласы болып саналады", - деп толықтырды ведомство.
Экспорттық бақылау ұлттық құзыретке жатады, ол ЕАЭО туралы шартта да бар.
Сауда және интеграция министрлігі бұл ретте қос мақсаттағы тауарларды экспорттық бақылау халықаралық тәртіпке сай 20 жылдан астам уақыт бойы жүзеге асырылып келе жатқанын еске салды.