https://sputnik.kz/20231020/qazir-84-millionnan-astam-adamnyn-qaryzy-bar--mazhilis-toragasy-39516550.html
Қазір 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар – мәжіліс төрағасы
Қазір 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар – мәжіліс төрағасы
Sputnik Қазақстан
90 күннен кешіктірілген қарыз мөлшері 1,4 трлн теңгені құрайды 20.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-20T09:51+0500
2023-10-20T09:51+0500
2023-10-20T09:51+0500
ерлан қошанов
кредит
https://sputnik.kz/img/1107/45/11074561_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_1e0bbd780a8d3274081a61bb3029b3d2.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ел халқы несие қамытын киіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Спикердің айтуынша, өңірлерге барғанда көбінің айтатыны бір нәрсе, ол – несиеге тәуелділік.Айтуынша, қазір "халық несие қамытын киіп отыр".Қошанов адамдардың несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігі үлкен әлеуметтік проблемаға айналғанын айтты.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1107/45/11074561_240:0:1680:1080_1920x0_80_0_0_b1c6960da3d7b170ba503340dbf19d95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ерлан қошанов, кредит
Қазір 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар – мәжіліс төрағасы
90 күннен кешіктірілген қарыз мөлшері 1,4 трлн теңгені құрайды
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ел халқы несие қамытын киіп отырғанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Спикердің айтуынша, өңірлерге барғанда көбінің айтатыны бір нәрсе, ол – несиеге тәуелділік.
"Бұл, өкінішке қарай, жалпыхалықтық сипат алған құбылысқа айналып тұр. Оған мына цифрлар айғақ болады. Қазіргі уақытта халықтың 84 пайызында, яғни 8,4 миллионнан астам адамның қарызы бар екен. Соңғы бір жарым жыл ішінде бұл көрсеткіш 27 пайызға өскен. 90 күннен кешіктірілген қарыз көлемі –шамамен 1,4 трлн теңге. Яғни, 1,7 миллион адам қарызын уақытылы төлей алмай отыр деген сөз. Осының бәрі несие проблемасының қаншалықты асқынып кеткенін көрсетеді", - деді Қошанов парламенттік тыңдауда.
Айтуынша, қазір "халық несие қамытын киіп отыр".
Қошанов адамдардың несиеге тәуелділігі мен қаржылық сауатының төмендігі үлкен әлеуметтік проблемаға айналғанын айтты.