https://sputnik.kz/20231020/qazaqstannyn-tuy-grekiya-torinde-zhelbiredi--39540390.html
Қазақстанның туы Грекия төрінде желбіреді
Қазақстанның туы Грекия төрінде желбіреді
Sputnik Қазақстан
Гректер үшін ежелгі және қасиетті саналатын жерден Қазақстан туының көтерілуі грек және қазақ халықтарының арасындағы достықты білдіреді 20.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-20T20:26+0500
2023-10-20T20:26+0500
2023-10-20T20:26+0500
грекия
мемлекеттік ту
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/14/39539965_0:208:540:512_1920x0_80_0_0_b12a5c62695c8a72f81ccbcc56158992.jpg
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Республика күніне орай Афинаның ең биік нүктесі – Ликавитос тауында Қазақстанның көк туы желбіреді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.Грекия астанасының тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр жоғары биіктікте орнатылған қазақстандық туды тамашалай алды.Афинаны қоршап тұрған жеті төбенің ішіндегі ең биік Ликавитос шыңынан Грекия астанасының ең көркем және кең панорамасы ашылады.Грек аңызына сәйкес, Ликавитос тауын Акропольге апара жатқан тасты осы жерде құлатып алған Афина құдайы жасаған. Ежелгі уақытта төбеде "шыңда тұратын Зевстің" киелі орны болған. Ликавитосты "Қасқыр тауы" деп те атайды, өйткені бұл атау грек тілінен аударғанда "қасқырлар тұратын тоғай" деген мәнді білдіреді."Гректер үшін ежелгі және қасиетті саналатын жерден Қазақстан туының көтерілуі грек және қазақ халықтарының арасындағы достықты білдіреді. Осындай бірегей құттықтауды негізгі миссиясы елдер арасында сауда, инвестициялар және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілету болып табылатын Қазақстан - Грекия Іскерлік Кеңесі ұйымдастырды", - делінген хабарламада.
грекия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/14/39539965_0:158:540:563_1920x0_80_0_0_38745c5e3b7bbb512c0f7a77df13478d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
грекия, мемлекеттік ту
Қазақстанның туы Грекия төрінде желбіреді
Гректер үшін ежелгі және қасиетті саналатын жерден Қазақстан туының көтерілуі грек және қазақ халықтарының арасындағы достықты білдіреді
АЛМАТЫ, 20 қазан – Sputnik. Республика күніне орай Афинаның ең биік нүктесі – Ликавитос тауында Қазақстанның көк туы желбіреді, деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.
Грекия астанасының тұрғындары мен қонақтары теңіз деңгейінен 277 метр жоғары биіктікте орнатылған қазақстандық туды тамашалай алды.
Афинаны қоршап тұрған жеті төбенің ішіндегі ең биік Ликавитос шыңынан Грекия астанасының ең көркем және кең панорамасы ашылады.
Грек аңызына сәйкес, Ликавитос тауын Акропольге апара жатқан тасты осы жерде құлатып алған Афина құдайы жасаған. Ежелгі уақытта төбеде "шыңда тұратын Зевстің" киелі орны болған. Ликавитосты "Қасқыр тауы" деп те атайды, өйткені бұл атау грек тілінен аударғанда "қасқырлар тұратын тоғай" деген мәнді білдіреді.
"Гректер үшін ежелгі және қасиетті саналатын жерден Қазақстан туының көтерілуі грек және қазақ халықтарының арасындағы достықты білдіреді. Осындай бірегей құттықтауды негізгі миссиясы елдер арасында сауда, инвестициялар және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты ілгерілету болып табылатын Қазақстан - Грекия Іскерлік Кеңесі ұйымдастырды", - делінген хабарламада.