https://sputnik.kz/20231020/qazaqstandyqtardyn-merzimi-otken-nesiesine-syyaqy-eseptelmeui-mumkin-39516985.html
Қазақстандықтардың мерзімі өткен несиесіне сыйақы есептелмеуі мүмкін
Қазақстандықтардың мерзімі өткен несиесіне сыйақы есептелмеуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
Тұтынушылық кредиттер бойынша азаматтардың борыштық жүктемесін шектеу қарастырылады 20.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-20T10:08+0500
2023-10-20T10:08+0500
2023-10-20T10:08+0500
кредит
сыйақы
ерұлан жамаубаев
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_0:139:3151:1911_1920x0_80_0_0_3e90b651cc4832253d78be51ccd0cc77.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда мерзімі өткен тұтынушылық несиелерге сыйақы есептеуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулерді пысықтап жатыр.Проблемалық кредиттері бар қазақстандықтарға қарызды реструктуризациялауға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, кепілсіз онлайн-кредиттеу сегментінде тәуекелдерді азайту көзделіп отыр.Министрдің айтуынша, заңнамалық түзетулер халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету және борыштық жүктеменің өсуін шектеуге; алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және банк омбудсманының қызметін күшейтуге бағытталған."Азаматтар өз мәселелерін банкроттыққа жүгінбей шеше алатындай етіп, сотқа дейінгі реттеу аясында құқықтарын қорғауды күшейту маңызды. Бұл тұрғыда банктік омбудсман маңызды рөл атқаруға тиіс", - деді вице-премьер.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/671/89/6718987_209:0:2940:2048_1920x0_80_0_0_abd536f2f4f222fd73cd4dbc9d519613.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, сыйақы, ерұлан жамаубаев
кредит, сыйақы, ерұлан жамаубаев
Қазақстандықтардың мерзімі өткен несиесіне сыйақы есептелмеуі мүмкін
Тұтынушылық кредиттер бойынша азаматтардың борыштық жүктемесін шектеу қарастырылады
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Қазақстанда мерзімі өткен тұтынушылық несиелерге сыйақы есептеуге тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы вице-премьер – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қарыз алушылардың құқығын қорғауды күшейту бойынша заңнамалық түзетулерді пысықтап жатыр.
"Заңнамалық деңгейде тұтынушылық кредиттер бойынша азаматтардың борыштық жүктемесін шектеу қарастырылады. Мысалы, азаматтардың мерзімі өткен кредиттеріне сыйақы есептеуді шектеу, проблемалық берешегі бар қарыз алушыларға жаңа кредиттер беруге тыйым салу ұсынылады", - деді Жамаубаев парламенттік тыңдауда.
Проблемалық кредиттері бар қазақстандықтарға қарызды реструктуризациялауға көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, кепілсіз онлайн-кредиттеу сегментінде тәуекелдерді азайту көзделіп отыр.
Министрдің айтуынша, заңнамалық түзетулер халықтың шамадан тыс кредит алуын төмендету және борыштық жүктеменің өсуін шектеуге; алаяқтыққа қарсы іс-қимылға және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға және банк омбудсманының қызметін күшейтуге бағытталған.
"Азаматтар өз мәселелерін банкроттыққа жүгінбей шеше алатындай етіп, сотқа дейінгі реттеу аясында құқықтарын қорғауды күшейту маңызды. Бұл тұрғыда банктік омбудсман маңызды рөл атқаруға тиіс", - деді вице-премьер.