https://sputnik.kz/20231020/qazaqstanda-zhyl-sayyn-bes-mynga-zhuyq-ayelde-sut-bezinin-qaterli-isigi-anyqtalady-39532133.html
Қазақстанда жыл сайын бес мыңға жуық әйелде сүт безінің қатерлі ісігі анықталады
Қазақстанда жыл сайын бес мыңға жуық әйелде сүт безінің қатерлі ісігі анықталады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. 15 қазан - дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігімен күресу күні. Әлем бойынша қазір осы аурудың алдын алуға арналған айлық жүріп... 20.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-20T17:27+0500
2023-10-20T17:27+0500
2023-10-20T17:27+0500
денсаулық
қатерлі ісік
сүт безінің қатерлі ісігі
https://sputnik.kz/img/358/21/3582102_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_b161b23b7fb5ae9d17445c2b72624d12.jpg
АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. 15 қазан - дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігімен күресу күні. Әлем бойынша қазір осы аурудың алдын алуға арналған айлық жүріп жатыр. Сүт безінің қатерлі ісігі туралы не білеміз, сақтану жолы қандай? Sputnik Қазақстан тілшісі мамандардан сұрап білді.Астана медицина университетінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 37 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады. 19 мыңнан астам адам қайтыс болады. Тіркелген онкологиялық науқастардың саны өсіп барады және 2022 жылдың соңына қарай олардың саны 205 мыңнан астам адамды құрады. Дәрігерлердің айтуынша, қазірге кезде ұлттық скрининг аясында қатерлі ісікті ерте бастан анықтау мүмкіндігі туып тұр.Сүт безі қатерлі ісігімен сырқаттанушылық 2022 жылы жалпы республика бойынша 100 мың адамға шаққанда 26,5-ке дейін өскен."Қатерлі ісік аурулары көбінесе алғашқы кезеңде ешбір белгі бермейді. Жасырын түрде өтеді. Сүт безінің симптомдары тек ІІІ-IV сатысына өткен кезде ғана біліне бастайды. Біздің маммолог-онколог дәрігерлерінің міндеті – сүт безінің обырын алғашқы сатыларында анықтау", - дейді Индриа Тәжікова.Алғашқы сатыларында сүт безі тек диагностика, скрининг арқылы анықталады. Ал асықынып кеткенде омырауда түрлі белгілер пайда бола бастайды."Кейде екі омырау екі түрлі болуы мүмкін. Немесе обыр бар жердегі орын сыртқа шығып анықталып тұрады, түйіндер пайда болады. Әйелдер негізінен осы үш симптомдармен келеді. Үшінші сатысында кей кездері терісінде қызару белгілері пайда болады. Сонда науқастар өзінде қабыну синдромы бар деп ойлап қалады. Ал обыр ауруы солай да жасырын түрде қабыну ретінде көрінуі мүмкін. Бірақ бұл тек ІІІ-ІV сатысында ғана көрініс табады. І-ІІ сатысында обыр өзін ешқандай байқатпайды", - дейді онколог-маммолог.Қазақстанда әйелдердің арасында мастопатия деген диагноз өте көп кездеседі.Сүт безінің қатерлі ісігі негізгі жасушаларда мутация болған кезде пайда болады. Мутация жасушалардың дұрыс емес бөлінуі. Мутациялар көбінесе жасы үлкен адамдарда болады."Сүт безінің обыры үлкен жастағы науқастарда көбірек кездеседі. Бірақ бұл жас адамдарда кездеспейді деген сөз емес. Маған жүгінген ең жас науқас 15 жаста болған. Ал ең егдесі 94-те болған. Демек сүт безінің обыры кез келген жаста кездесе береді. Бірақ 40 жастан асқан науқастарда жиірек кездеседі", - дейді Индира Тәжікова.Маманның айтуынша, сүт безінің қатерлі ісігінің пайда болуының нақты себептері жоқ. Бірақ сүт безіне алып келетін себептерді екіге бөледі."Ол бақыланатын және бақыланбайтын себептер. Соның ішінде бақыланбайтыны жасы үлкен науқастарда көбірек кездеседі. Жас ұлғайған сайын сүт безі ісігінің пайда болу қатері артады. Екіншісі генетикалық жағдай. Анасында немесе туған әпкесінде, әжесінде сүт безінің обыры болса, дертке шалдығу қаупі артады. Бірақ 100% солай болады деп кесіп айтуға негіз жоқ. Үшіншісі кеуде қуысына сәулелі терапия емін алсаңыз. Оны рентген, компьютерлік томография, магнит деп шатастырмаңыз. Ол мысалы өкпенің обыры болып, соған байланысты сәулелі терапия алған жағдайда. Сол сәулелердің әсері сүт безіне де әсері болуы да мүмкін", - дейді маммолог.Одан кейінгі себебіне жүктілік жатады екен. Егер алғашқы жүктілік кеш уақытта 30-35 немесе 40 жастан кейін болатын болса, омыраудағы қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін.Сүт безінің обыры арнайы кезеңдеріне байланысты жіктеледі. Оның арнайы сатылары бар. I, II, III, IV сатылары деп бөлінеді. Әр сатының өзінің арнайы белгілері болады. І сатыда сүт безі өзін ешқандай байқатпайды. Тек зерттеу жасаған кезде байқалады. Обыр 2 см-ге дейінгі көлемде болады. ІІ сатыда обыр 2 см-ге дейін болып, қолтық астындағы лимфатүйіндер зақымданады. ІІІ сатысында обыр үлкен болады. Көлемі 5 см-ден асады. Және қолтық асты лимфатүйіндері зақымданады. Және терінің зақымдануы болуы мүмкін. Обыр үлкен болады. Ал басқа сатысында метастаз, яғни көрші органдарға өтіп кетеді береді. Сүт безіне ем осы арнайы сатыларына байланысты тағайындалады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/358/21/3582102_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_3f2761eb6442de0d8e804be57b181ede.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
қатерлі ісік, сүт безінің қатерлі ісігі
қатерлі ісік, сүт безінің қатерлі ісігі
АСТАНА, 20 қазан - Sputnik. 15 қазан - дүниежүзілік сүт безі қатерлі ісігімен күресу күні. Әлем бойынша қазір осы аурудың алдын алуға арналған айлық жүріп жатыр. Сүт безінің қатерлі ісігі туралы не білеміз, сақтану жолы қандай?
Sputnik Қазақстан тілшісі мамандардан сұрап білді.
Астана медицина университетінің мәліметінше, Қазақстанда жыл сайын 37 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдығады. 19 мыңнан астам адам қайтыс болады. Тіркелген онкологиялық науқастардың саны өсіп барады және 2022 жылдың соңына қарай олардың саны 205 мыңнан астам адамды құрады. Дәрігерлердің айтуынша, қазірге кезде ұлттық скрининг аясында қатерлі ісікті ерте бастан анықтау мүмкіндігі туып тұр.
"Қатерлі ісік ішінде сүт безі обыры бірінші, өкпе обыры екінші, тоқ ішек обыры үшінші, асқазан обыры төртінші орында. Сүт безі қатерлі ісігі әйелдердің онкологиялық патологиясы құрылымында 1-ші орында және осы позицияда тұрақты болып қалады. Бір қуаныштысы сүт безінің қатерлі ісігінен өлім-жітім азайған. Ең бастысы дер кезінде дәрігердің көмегіне жүгіну", - дейді онколог-маммолог Индира Тәжікова.
Сүт безі қатерлі ісігімен сырқаттанушылық 2022 жылы жалпы республика бойынша 100 мың адамға шаққанда 26,5-ке дейін өскен.
"Қатерлі ісік аурулары көбінесе алғашқы кезеңде ешбір белгі бермейді. Жасырын түрде өтеді. Сүт безінің симптомдары тек ІІІ-IV сатысына өткен кезде ғана біліне бастайды. Біздің маммолог-онколог дәрігерлерінің міндеті – сүт безінің обырын алғашқы сатыларында анықтау", - дейді Индриа Тәжікова.
Алғашқы сатыларында сүт безі тек диагностика, скрининг арқылы анықталады. Ал асықынып кеткенде омырауда түрлі белгілер пайда бола бастайды.
"Кейде екі омырау екі түрлі болуы мүмкін. Немесе обыр бар жердегі орын сыртқа шығып анықталып тұрады, түйіндер пайда болады. Әйелдер негізінен осы үш симптомдармен келеді. Үшінші сатысында кей кездері терісінде қызару белгілері пайда болады. Сонда науқастар өзінде қабыну синдромы бар деп ойлап қалады. Ал обыр ауруы солай да жасырын түрде қабыну ретінде көрінуі мүмкін. Бірақ бұл тек ІІІ-ІV сатысында ғана көрініс табады. І-ІІ сатысында обыр өзін ешқандай байқатпайды", - дейді онколог-маммолог.
Қазақстанда әйелдердің арасында мастопатия деген диагноз өте көп кездеседі.
"Маммология саласында мастопатия кезекші диагноз болып саналады. Науқаста ауырсыну болса, УДЗ, рентгенолог дәрігерлері мастопатия диагнозын қояды. Егер толықтап, нақтылап келетін болсақ, мұндай диагноз бізде жоқ. Науқаста обыр, киста, фиброаденома болуы мүмкін. Немесе басқа да бір қатерсіз ісіктер кездесуі мүмкін. Бірақ мастопатия емес. Обырлардың немесе қатерсіз ісіктердің ішінде обырға алып келетін диагноздар бар. Бірақ мастопатия обырға алып келмейді", - дейді маман.
Сүт безінің қатерлі ісігі негізгі жасушаларда мутация болған кезде пайда болады. Мутация жасушалардың дұрыс емес бөлінуі. Мутациялар көбінесе жасы үлкен адамдарда болады.
"Сүт безінің обыры үлкен жастағы науқастарда көбірек кездеседі. Бірақ бұл жас адамдарда кездеспейді деген сөз емес. Маған жүгінген ең жас науқас 15 жаста болған. Ал ең егдесі 94-те болған. Демек сүт безінің обыры кез келген жаста кездесе береді. Бірақ 40 жастан асқан науқастарда жиірек кездеседі", - дейді Индира Тәжікова.
Маманның айтуынша, сүт безінің қатерлі ісігінің пайда болуының нақты себептері жоқ. Бірақ сүт безіне алып келетін себептерді екіге бөледі.
"Ол бақыланатын және бақыланбайтын себептер. Соның ішінде бақыланбайтыны жасы үлкен науқастарда көбірек кездеседі. Жас ұлғайған сайын сүт безі ісігінің пайда болу қатері артады. Екіншісі генетикалық жағдай. Анасында немесе туған әпкесінде, әжесінде сүт безінің обыры болса, дертке шалдығу қаупі артады. Бірақ 100% солай болады деп кесіп айтуға негіз жоқ. Үшіншісі кеуде қуысына сәулелі терапия емін алсаңыз. Оны рентген, компьютерлік томография, магнит деп шатастырмаңыз. Ол мысалы өкпенің обыры болып, соған байланысты сәулелі терапия алған жағдайда. Сол сәулелердің әсері сүт безіне де әсері болуы да мүмкін", - дейді маммолог.
Одан кейінгі себебіне жүктілік жатады екен. Егер алғашқы жүктілік кеш уақытта 30-35 немесе 40 жастан кейін болатын болса, омыраудағы қатерлі ісік ауруына шалдықтыруы мүмкін.
"Қызық жағдай Азиаттарда, Латын Америкалық әйелдерде сүт безінің обыры жиі кездеспейді. Ал Еуропада көбірек кездеседі екен. Бұл бақылауға келмейтін жағдайлар. Ал бақылауға келетін жағдайларға ішімдік, темекі болып табылады. Салмақ тастау керек. Артық салмақтың да кері әсері болады. Бақылауға келетін жағдайларға келсек, науқастар немесе әйел адамдар өздерін саналы түрде емдеуге немесе диагностика жасауға бармайды және де физикалық қимылмен айналысу керек. Сол кезде сүт безінің обырына шалдығу қаупі төмендейді", - деді онколог-маммолог Индира Тәжікова.
Сүт безінің обыры арнайы кезеңдеріне байланысты жіктеледі. Оның арнайы сатылары бар. I, II, III, IV сатылары деп бөлінеді. Әр сатының өзінің арнайы белгілері болады. І сатыда сүт безі өзін ешқандай байқатпайды. Тек зерттеу жасаған кезде байқалады. Обыр 2 см-ге дейінгі көлемде болады. ІІ сатыда обыр 2 см-ге дейін болып, қолтық астындағы лимфатүйіндер зақымданады. ІІІ сатысында обыр үлкен болады. Көлемі 5 см-ден асады. Және қолтық асты лимфатүйіндері зақымданады. Және терінің зақымдануы болуы мүмкін. Обыр үлкен болады. Ал басқа сатысында метастаз, яғни көрші органдарға өтіп кетеді береді. Сүт безіне ем осы арнайы сатыларына байланысты тағайындалады.