https://sputnik.kz/20231020/aqsh-yadrolyq-poligonda-synaq-otkizdi-39613853.html
АҚШ ядролық полигонда сынақ өткізді
АҚШ ядролық полигонда сынақ өткізді
Sputnik Қазақстан
Ресейдің Мемлекеттік думасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты ратификациялауды кері қайтарған күні АҚШ ядролық полигонда сынақтар өткізді 20.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-20T17:57+0500
2023-10-20T17:57+0500
2023-10-24T11:58+0500
ақш
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/18/39614085_0:154:3092:1893_1920x0_80_0_0_07e2a42aef3bc62fb5ab34aa6f05d4a3.jpg
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. АҚШ бұрын ядролық қарудың сынақтары өткізілген Невада полигонында жерасты сынақ өткізді. Бұл Ресей Мемлекеттік думасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) ратификациялаудан кері қайтару туралы заң қабылдаған күні болды. Бұл туралы америкалық энергетика министрлігі жариялаған хабарламада жазылған."Невада ұлттық қауіпсіздік нысанының (Невада сынақ полигонының) командасы АҚШ-тың бүкіл әлем бойынша қуаты төмен ядролық жарылыстарды анықтау қабілетін жақсарту үшін нысанда жерасты химиялық жарылыс жүргізді", - деп жазылған ведомство жариялаған хабарламада.Сынақтар сәрсенбіде, яғни Ресей Мемлекеттік думасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) ратификациялаудан кері қайтару туралы заң қабылдаған күні болды. Федерация кеңесі құжатты 25 қазанда қарайтыны белгілі болды.Эксперимент жаһандық ядролық қауіп-қатерді азайту үшін "АҚШ-тың ядролық қаруды таратпау жөніндегі мақсаты үшін" жүргізілгені хабарланды.ЯСЖТШ-ға 1996 жылы қол қойылған. Алайда бірқатар ел, соның ішінде АҚШ құжатты әлі ратификациялаған жоқ. Ресей аталған шартты 2000 жылы ратификациялады. Ядролық қаруы бар елдер мұндай сынақтарды өткізбеу туралы ерікті міндеттемелер алды.Наурызда Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков АҚШ-тың әрекеттеріне байланысты ЯСЖТШ төңірегіндегі жағдай алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/18/39614085_181:0:2912:2048_1920x0_80_0_0_baa90216e3581b187f506b7519af3de3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақш
АҚШ ядролық полигонда сынақ өткізді
17:57 20.10.2023 (жаңартылды: 11:58 24.10.2023) Ресейдің Мемлекеттік думасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты ратификациялауды кері қайтарған күні АҚШ ядролық полигонда сынақтар өткізді
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. АҚШ бұрын ядролық қарудың сынақтары өткізілген Невада полигонында жерасты сынақ өткізді. Бұл Ресей Мемлекеттік думасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) ратификациялаудан кері қайтару туралы заң қабылдаған күні болды. Бұл туралы америкалық энергетика министрлігі жариялаған хабарламада жазылған.
"Невада ұлттық қауіпсіздік нысанының (Невада сынақ полигонының) командасы АҚШ-тың бүкіл әлем бойынша қуаты төмен ядролық жарылыстарды анықтау қабілетін жақсарту үшін нысанда жерасты химиялық жарылыс жүргізді", - деп жазылған ведомство жариялаған хабарламада.
Сынақтар сәрсенбіде, яғни Ресей Мемлекеттік думасы Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шартты (ЯСЖТШ) ратификациялаудан кері қайтару туралы заң қабылдаған күні болды. Федерация кеңесі құжатты 25 қазанда қарайтыны белгілі болды.
Эксперимент жаһандық ядролық қауіп-қатерді азайту үшін "АҚШ-тың ядролық қаруды таратпау жөніндегі мақсаты үшін" жүргізілгені хабарланды.
ЯСЖТШ-ға 1996 жылы қол қойылған. Алайда бірқатар ел, соның ішінде АҚШ құжатты әлі ратификациялаған жоқ. Ресей аталған шартты 2000 жылы ратификациялады. Ядролық қаруы бар елдер мұндай сынақтарды өткізбеу туралы ерікті міндеттемелер алды.
Наурызда Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков АҚШ-тың әрекеттеріне байланысты ЯСЖТШ төңірегіндегі жағдай алаңдаушылық туғызып отырғанын айтты.