https://sputnik.kz/20231019/zhana-saqtandyru-kompaniyasyn-quruga-25-mlrd-tenge-bolinedi--zan-prezidentke-zhiberildi-39486470.html
Жаңа сақтандыру компаниясын құруға 25 млрд теңге бөлінеді – заң президентке жіберілді
Жаңа сақтандыру компаниясын құруға 25 млрд теңге бөлінеді – заң президентке жіберілді
Sputnik Қазақстан
Компания экспорттық және импорттық қызметпен айналысатын ұйымдардың тәуекелдерін қайта сақтандырып отырады 19.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-19T10:49+0500
2023-10-19T10:49+0500
2023-10-19T10:50+0500
сақтандыру
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400141_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_0169e99c3fc76dd06338514e4039b85e.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, қайта сақтандыру компаниясы экспорттық және импорттық қызметпен айналысатын ұйымдардың тәуекелдерін қайта сақтандырып отырады. Бұны танымал шетелдік компаниялар да жасай алады. Бірақ барлығы Ресей мен Беларуьсқа тасымалданатын тауарларды қайта сақтандырудан бас тартты. Ал өзіміздің "KazakhExport" компаниясының мүмкіндігі шектеулі, қайта сақтандыруға қаржысы да жетпейді.Қазіргі кезде KazakhExport-тың тәуекелдері 40 процентке жетті. Соның барлығы Ресей Федерациясымен байланысты. Осы тәуекелдерді қайта сақтандыру мақсатында Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы құрылып жатыр. Ол Ресей мен Беларуське тасымалданатын тауарларды қайта сақтандырады."Жаңа компанияның жарғылық капиталында біздің жарнамыз 20 процентті, 5 миллиард рубльді, шамамен 25 миллиард теңгені құрап отыр. Беларусь - 30 процент, Армения - 3 процент, Қырғызстан - 2 процент, ал Ресей 45 процентін салып отыр. Осы ақшаны бір рет саламыз, ол айналымда болады", - деп атап өтті Төребаев.Айта кетері, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының бас кеңсесі Мәскеуде орналасады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1d/33400141_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_c334e7db9733ebed89dee8f79f092815.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
сақтандыру
Жаңа сақтандыру компаниясын құруға 25 млрд теңге бөлінеді – заң президентке жіберілді
10:49 19.10.2023 (жаңартылды: 10:50 19.10.2023) Компания экспорттық және импорттық қызметпен айналысатын ұйымдардың тәуекелдерін қайта сақтандырып отырады
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары "Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясын құру туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаевтың айтуынша, қайта сақтандыру компаниясы экспорттық және импорттық қызметпен айналысатын ұйымдардың тәуекелдерін қайта сақтандырып отырады. Бұны танымал шетелдік компаниялар да жасай алады. Бірақ барлығы Ресей мен Беларуьсқа тасымалданатын тауарларды қайта сақтандырудан бас тартты. Ал өзіміздің "KazakhExport" компаниясының мүмкіндігі шектеулі, қайта сақтандыруға қаржысы да жетпейді.
"Сол себепті KazakhExport өз тәуекелдерін басқа компанияларда қайта сақтандырып отырады. Атап айтқанда, Ұлыбритания, Швейцария және басқа да мемлекеттерде халықаралық компаниялар бар. Дегенмен Ресей мен Украинаның соғысы басталып кеткеннен кейін бұл компаниялар Ресейге тасымалданатын тауарларды сақтандырудан бас тартып отыр", - деді Төребаев сенаттың бүгінгі отырысында.
Қазіргі кезде KazakhExport-тың тәуекелдері 40 процентке жетті. Соның барлығы Ресей Федерациясымен байланысты. Осы тәуекелдерді қайта сақтандыру мақсатында Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы құрылып жатыр. Ол Ресей мен Беларуське тасымалданатын тауарларды қайта сақтандырады.
"Жаңа компанияның жарғылық капиталында біздің жарнамыз 20 процентті, 5 миллиард рубльді, шамамен 25 миллиард теңгені құрап отыр. Беларусь - 30 процент, Армения - 3 процент, Қырғызстан - 2 процент, ал Ресей 45 процентін салып отыр. Осы ақшаны бір рет саламыз, ол айналымда болады", - деп атап өтті Төребаев.
Айта кетері, Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясының бас кеңсесі Мәскеуде орналасады.