Үкімет тіл саясатын дамытудың бес жылдық тұжырымдамасын бекітті

© Sputnik / Абзал КалиевСловарь
Словарь - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
2029 жылға дейін қазақ тілін меңгерген азаматтардың саны 84 процентке жетуі керек
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстан үкіметі 2023-2029 жылдарға арналған тіл саясатының тұжырымдамасын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Осы құжатта тілді дамыту бойынша нақты мақсат-міндеттер көрсетілген. Олар:
2029 жылға дейін қазақ тілін меңгерген халықтың санын 84 процентке жеткізу;
2029 жылға қарай мемлекеттік телеарналарда қазақ тіліндегі бағдарламаларды 84 процентке дейін арттыру;
мемлекеттік органдар мен ұлттық компанияларда қазақ тіліндегі құжат айналымын 94 процентке дейін көтеру;
2029 жылға дейін "Қазтест" жүйесі бойынша қазақ тілін В2 деңгейінде білетін мемлекеттік қызметшілердің санын 50 процентке жеткізу.
Бұдан бөлек, тұжырымдамада қазақ тілін оқыту курстарын ашу, бейнесабақтарды өткізу, жоғары оқу орындары мен одан кейінгі білім беру ұйымдарының бағдарламаларын жаңарту сияқты шаралар қарастырылған. Оған қоса, жаңа сөздіктер мен анықтамалықтар шығарылады.
Бұған дейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева теледидарда тілге қатысты "50/50" қағидатының өзгеретінін мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі кезде арнайы заң жобасы аясында телерадио арналардың мемлекеттік тілде хабар тарату көлемін 70 процентке дейін арттыру ұсынылып отыр. Себебі бұрынғы 50 проценттік меже ескіріп қалған.
Министр культуры и информации Аида Балаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2023
Теледидарда тілге қатысты "50/50" қағидаты өзгереді – министр Балаева
Жаңалықтар
0