https://sputnik.kz/20231019/toqaev-azamattyq-forum-qatysushylaryna-undeu-zholdady-39478097.html
Тоқаев Азаматтық форум қатысушыларына үндеу жолдады
Тоқаев Азаматтық форум қатысушыларына үндеу жолдады
Sputnik Қазақстан
Әділдік пен гуманизм, өзара сенім мен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен білімпаздық жаңа этиканың өзегі болуға тиіс, деді президент 19.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-19T10:21+0500
2023-10-19T10:21+0500
2023-10-19T10:21+0500
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/06/02/35581899_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_93dc2f95f793883d2b50cbb02240fceb.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХI Азаматтық форум қатысушыларына үндеу жолдады, деп хабарлады Ақорда.Президент жиынға қатысушыларды ХІ Азаматтық форумның ашылуымен құттықтады.Оның айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар және қайырымдылық қорлары, белсенді азаматтар мен еріктілер ел тағдырына бей-жай қарамай, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге барынша атсалысып жүр."Олар ынтымақтастық пен нағыз отаншылдықтың озық үлгісін танытып, еліміздегі бірлік пен татулықты сақтауға зор үлес қосып келеді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер қоғамда жаңа этика қалыптастыруды талап етеді. Осы орайда әділдік пен гуманизм, өзара сенім мен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен білімпаздық жаңа этиканың өзегі болуға тиіс, – деп толықтырды мемлекет басшысы.Президент мемлекет пен үкіметтік емес сектордың тығыз ынтымақтастығы елімізді жан-жақты дамытуға ықпал етіп, Әділетті Қазақстанды құруға жол ашатынына сенім білдірді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/02/35581899_64:0:1280:912_1920x0_80_0_0_811b055a1c6b6ac436b91364d9b78e6e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев Азаматтық форум қатысушыларына үндеу жолдады
Әділдік пен гуманизм, өзара сенім мен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен білімпаздық жаңа этиканың өзегі болуға тиіс, деді президент
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ХI Азаматтық форум қатысушыларына үндеу жолдады, деп хабарлады Ақорда.
Президент жиынға қатысушыларды ХІ Азаматтық форумның ашылуымен құттықтады.
"Жиырма жыл ішінде бұл форумның тиімділігі мен қажеттілігі дәлелденіп, салмақты ойлар мен салиқалы пікірлер айтылатын алаңға айналды. Осында көтерілген жасампаз бастамалар мен ұтымды ұсыныстар азаматтық қоғамды дамытуға және жалпыұлттық келісімді нығайтуға тың серпін береді", – деді мемлекет басшысы.
Оның айтуынша, үкіметтік емес ұйымдар және қайырымдылық қорлары, белсенді азаматтар мен еріктілер ел тағдырына бей-жай қарамай, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге барынша атсалысып жүр.
"Олар ынтымақтастық пен нағыз отаншылдықтың озық үлгісін танытып, еліміздегі бірлік пен татулықты сақтауға зор үлес қосып келеді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер қоғамда жаңа этика қалыптастыруды талап етеді. Осы орайда әділдік пен гуманизм, өзара сенім мен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен білімпаздық жаңа этиканың өзегі болуға тиіс, – деп толықтырды мемлекет басшысы.
Президент мемлекет пен үкіметтік емес сектордың тығыз ынтымақтастығы елімізді жан-жақты дамытуға ықпал етіп, Әділетті Қазақстанды құруға жол ашатынына сенім білдірді.