https://sputnik.kz/20231019/senatorlar-temirzholshylardyn-zeynet-zhasyn-tomendetudi-talap-etti-39501240.html
Сенаторлар теміржолшылардың зейнет жасын төмендетуді талап етті
Сенаторлар теміржолшылардың зейнет жасын төмендетуді талап етті
Sputnik Қазақстан
"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының үш жылдық табысы 263 миллиард теңгеге жетті. Биыл алты айдың ішінде 108 миллиард теңге тапқан 19.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-19T16:14+0500
2023-10-19T16:14+0500
2023-10-19T16:14+0500
теміржол
маман
жұмысшылар
жалақы
қтж
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/12/15502085_0:198:3073:1927_1920x0_80_0_0_7e17d917fcef1a8bc3f55b5711fc1896.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары теміржолшылардың зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Бүгін бір топ сенаторлар үкіметке депутаттық сауал жолдап, теміржол саласында істейтін мамандардың мәселесін көтерді. Әсіресе, далада жүретін қарапайым жұмысшылардың жағдайы мәз емес. Көлік министрлігінің мәліметіне сәйкес, ең төмен санаттағы байланыс және белгі беру мамандарының жалақысы Ақтөбеде 382 мың теңгені құрайды. Қызылордада – 354 мың теңге, ал Абай облысында 280 мың теңге екен. Бірақ бұл ақпарат халықтан түскен мәліметпен сәйкес келмейді.Ал "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының үш жылдық табысы 263 миллиард теңгеге жетті. Биыл алты айдың ішінде 108 миллиард теңге тапқан."Біздің ойымызша, мұндай табыспен қыстың суығына, жаздың ыстығына қарамастан, далада жұмыс істеп жүрген теміржол саласындағықарапайым маман иелерінің жалақысын көтеруге болады ", - деп атап көрсетті Шиповских.Бұдан бөлек, сенаторлар теміржолшылардың зейнетке шығу жасын төмендету қажет деп санайды. Бүгінде локовотивтік бригадаларда ондай мүмкіндік бар көрінеді."Мәселен, машинист және оның көмекшісі мекеме арқылы корпоративтік кесілім жасап, 57 жаста салалық зейнетке шыға алады. Ал 63-ке келгенде мемлекеттік зейнетке көшеді. Қарапайым жұмысшылардың зейнетке шығу мәселесін де дәл осындай тетіктер арқылы шешуге болады", - дейді сенатор.Сенаторлар теміржол саласының қарапайым жұмысшылары үшін 55-57 жаста зейнетке шығу мәселесін қарастыруды ұсынды.Айта кетері, сенатор Геннадий Шиповсих теміржол саласында жұмыс істеген. Локомотив депосында еңбек етті. Одан кейін машинистің көмекшісі болды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0b/12/15502085_212:0:2941:2047_1920x0_80_0_0_7a07ed9cd2dcb0146277f1fc0ccef4cb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
теміржол, маман, жұмысшылар, жалақы, қтж
теміржол, маман, жұмысшылар, жалақы, қтж
Сенаторлар теміржолшылардың зейнет жасын төмендетуді талап етті
"Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының үш жылдық табысы 263 миллиард теңгеге жетті. Биыл алты айдың ішінде 108 миллиард теңге тапқан
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Сенат депутаттары теміржолшылардың зейнет жасын 55 жасқа дейін төмендетуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Бүгін бір топ сенаторлар үкіметке депутаттық сауал жолдап, теміржол саласында істейтін мамандардың мәселесін көтерді. Әсіресе, далада жүретін қарапайым жұмысшылардың жағдайы мәз емес. Көлік министрлігінің мәліметіне сәйкес, ең төмен санаттағы байланыс және белгі беру мамандарының жалақысы Ақтөбеде 382 мың теңгені құрайды. Қызылордада – 354 мың теңге, ал Абай облысында 280 мың теңге екен. Бірақ бұл ақпарат халықтан түскен мәліметпен сәйкес келмейді.
"Өңірлердегі теміржолшылар берген мәлімет бойынша ең төмен санаттағы байланыс және белгі беру мамандарының қолға алатын жалақысы Ақтөбеде шамамен – 200 мың теңге, Қызылордада - 180 мың теңге, ал Абай облысында небәрі 160 мың теңгені құрап отыр. Осылайша, министрлік пен теміржолшылардың өздері берген ақпарат екі түрлі болып отыр. Біз, әрине, халықтың ақпаратына сенеміз", - деді сенатор Геннадий Шиповских.
Ал "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының үш жылдық табысы 263 миллиард теңгеге жетті. Биыл алты айдың ішінде 108 миллиард теңге тапқан.
"Біздің ойымызша, мұндай табыспен қыстың суығына, жаздың ыстығына қарамастан, далада жұмыс істеп жүрген теміржол саласындағықарапайым маман иелерінің жалақысын көтеруге болады ", - деп атап көрсетті Шиповских.
Бұдан бөлек, сенаторлар теміржолшылардың зейнетке шығу жасын төмендету қажет деп санайды. Бүгінде локовотивтік бригадаларда ондай мүмкіндік бар көрінеді.
"Мәселен, машинист және оның көмекшісі мекеме арқылы корпоративтік кесілім жасап, 57 жаста салалық зейнетке шыға алады. Ал 63-ке келгенде мемлекеттік зейнетке көшеді. Қарапайым жұмысшылардың зейнетке шығу мәселесін де дәл осындай тетіктер арқылы шешуге болады", - дейді сенатор.
Сенаторлар теміржол саласының қарапайым жұмысшылары үшін 55-57 жаста зейнетке шығу мәселесін қарастыруды ұсынды.
Айта кетері, сенатор Геннадий Шиповсих теміржол саласында жұмыс істеген. Локомотив депосында еңбек етті. Одан кейін машинистің көмекшісі болды.