Экономика

Салық қарызынан банк шоттары бұғатталады: кәсіпкерлер үшін не өзгеруі мүмкін

© Sputnik / Абзал КалиевАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
Қазір банк шоттары кәсіпкерлердің салық берешегі 6 АЕК-тен, ал әлеуметтік төлемдері бойынша қарызы 1 теңгеден асқан жағдайда бұғатталады
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті кәсіпкерлердің шоттарын болмашы қарызы үшін бұғаттамау үшін заңнамаға қандай түзетулер енгізілетінін айтты.
МКК ақпаратынша, көбіне кәсіпкерлер болмашы қарыз үшін банк шотының бұғатталғанына шағымданады.
Cалық кодексінің 19-бабына сәйкес, салық органдары банк шоттарына тыйым салуды 6 АЕК-тен (2023 жылы – 20 700 теңге) астам салық берешегі бойынша жүргізеді. Яғни салық қарызы 6 АЕК-тен аз болса, шот бұғатталмайды.
Бірақ әлеуметтік төлемдер бойынша қарыз 1 теңгеден асса, банк шоттары бұғатталады. Өйткені бұл ұйым қызметкерлері бойынша берешек (олардың зейнетақы қорларына, МӘМС қорына түсетін түсімдер) болып саналады.
"Кәсіпкерлікті қолдау аясында салық берешегі мен әлеуметтік төлемдер бойынша мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдау үшін шекті соманы ұлғайту бойынша тиісті заңнамалық актілерге өзгеріс енгізу мәселесі қаралып жатыр", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ кішігірім қарыз үшін банк шоттарына тыйым салуға жол бермеу үшін шоттар бойынша берешек сомасы шегінде шектеу жүргізу ұсынылады. Яғни берешек 100 теңге болса, тек 100 теңге бұғатталады.
Осы түзетулер қабылданса, банк шотындағы барлық ақша бұғатталмайды, деп атап өтті МКК.
Налоговый кодекс РК - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2023
Кірістер комитеті мемлекеттік бағдарлама бойынша алынған несиеге салық салған
Жаңалықтар
0