https://sputnik.kz/20231019/qytay-koligine-suranys-artty-39475537.html
Қытай көлігіне сұраныс артты
Қытай көлігіне сұраныс артты
Sputnik Қазақстан
Әлемдік брендтерде ғана болатын дыбыстық көмекші қытайлық көліктің көбінде бар 19.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-19T08:43+0500
2023-10-19T08:43+0500
2023-10-19T08:43+0500
қытай
көлік
https://sputnik.kz/img/735/32/7353291_0:129:6016:3513_1920x0_80_0_0_9afc5d3240e702b9eca9919df046a6b6.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанда қытайлық көлікке сұраныс артқан. Мамандар мұны түрлі себеппен байланыстырады.Бастысы жаңа көліктің бағасы біздегі брендке айналған "Тойота" мен "мерстің" ескілерімен салыстырғанда әлдеқайда арзан әрі "ақылды үй" секілді заманауи технологиямен жабдықталған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.Сондықтан кілтипаны көп көне көлікті жөндеп әуре болғанша, жұрт жаңасын мінгісі келеді. Ал еліміздегі 4 жарым млн-ға жуық көліктің жартысына жуығы ескі.Әділдің бұған дейінгі көлігі де қытайлық болатын. Бес жыл айдап, биыл жаңасын алды. Сұраныстың көптігі соншалық, осының өзін бір ай күтіпті.Атауын жаттап үлгірмей жатып, көліктің жаңа түрін ұсынатын Қытай қазір талғампаз тұтынушының қалауынан шығып тұр. Бұған отандық автоөндірістің ішкі нарықты қамтып үлгірмей жатқаны да түрткі. Сарапшылардың айтуынша, тың технология үшін бағаны өсіретін еуропалық өндірушілердің өзін артта қалдырған Қытайдың қазіргі көліктері жылжымалы гаджет секілді."Олар бір көрмеге мың жарымдай модель әкеледі. Енді бірнеше жылда бүкіл әлемнің автонарығында қытай көліктері болатын сияқты. Адамдар бұрынғыдай оның қозғалтқышының шойын болғанына, шанағының антикоррозиялық өңдеуден өткеніне көп қарамайды. Жайлылығына, технологиясына қарап алып жатыр", - дейді сарапшы Нұрлыбек Рахман.Бір ғана Орал қаласының өзінде аспанасты елінен әкелінген көліктің 40-50 түрін сататын 6 автосалон бар. Олардың қатары әлі де көбеймек. Өйткені 4 проценттік жеңілдік бұйыртпай өкпелегендер осы көліктерге әуес."Жұмасына бір автовоз келіп тұрады. 6 машинаны біз екі-үш күнде сатып үлгеріп жатырмыз. Сапасы өте керемет, бұрынғы қытай көліктеріне қарағанда жақсартылған", - дейді автосалон басшысы Ерлан Бекесов.Биылдың өзінде көрші елден 17 мыңға тарта көлік әкелініпті. Бұл былтырғыдан 30 процентке көп.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/735/32/7353291_330:0:5685:4016_1920x0_80_0_0_3ceeb7d48f93edf6858d2013213ba1ea.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, көлік
Қытай көлігіне сұраныс артты
Әлемдік брендтерде ғана болатын дыбыстық көмекші қытайлық көліктің көбінде бар
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстанда қытайлық көлікке сұраныс артқан. Мамандар мұны түрлі себеппен байланыстырады.
Бастысы жаңа көліктің бағасы біздегі брендке айналған "Тойота" мен "мерстің" ескілерімен салыстырғанда әлдеқайда арзан әрі "ақылды үй" секілді заманауи технологиямен жабдықталған, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.
Сондықтан кілтипаны көп көне көлікті жөндеп әуре болғанша, жұрт жаңасын мінгісі келеді. Ал еліміздегі 4 жарым млн-ға жуық көліктің жартысына жуығы ескі.
Әділдің бұған дейінгі көлігі де қытайлық болатын. Бес жыл айдап, биыл жаңасын алды. Сұраныстың көптігі соншалық, осының өзін бір ай күтіпті.
"Жаңа көлігім биік, бордюрге қарамайды. Кез келген жерге сыйып кетеді. Бағасы да жақсы. Салоннан 7 миллионға алдым. Круиз-бақылау, сенсорлы дисплей бар. Беріліс қорабы вариатор", - дейді Әділ Карин.
Атауын жаттап үлгірмей жатып, көліктің жаңа түрін ұсынатын Қытай қазір талғампаз тұтынушының қалауынан шығып тұр. Бұған отандық автоөндірістің ішкі нарықты қамтып үлгірмей жатқаны да түрткі. Сарапшылардың айтуынша, тың технология үшін бағаны өсіретін еуропалық өндірушілердің өзін артта қалдырған Қытайдың қазіргі көліктері жылжымалы гаджет секілді.
"Олар бір көрмеге мың жарымдай модель әкеледі. Енді бірнеше жылда бүкіл әлемнің автонарығында қытай көліктері болатын сияқты. Адамдар бұрынғыдай оның қозғалтқышының шойын болғанына, шанағының антикоррозиялық өңдеуден өткеніне көп қарамайды. Жайлылығына, технологиясына қарап алып жатыр", - дейді сарапшы Нұрлыбек Рахман.
Бір ғана Орал қаласының өзінде аспанасты елінен әкелінген көліктің 40-50 түрін сататын 6 автосалон бар. Олардың қатары әлі де көбеймек. Өйткені 4 проценттік жеңілдік бұйыртпай өкпелегендер осы көліктерге әуес.
"Жұмасына бір автовоз келіп тұрады. 6 машинаны біз екі-үш күнде сатып үлгеріп жатырмыз. Сапасы өте керемет, бұрынғы қытай көліктеріне қарағанда жақсартылған", - дейді автосалон басшысы Ерлан Бекесов.
Биылдың өзінде көрші елден 17 мыңға тарта көлік әкелініпті. Бұл былтырғыдан 30 процентке көп.