Елімізде 450 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі

© Public DomainПитьевая вода
Питьевая вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
158 елді мекенде су құбырлары салынып жаңартылады
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Су құбырларын салу және жаңарту бойынша 34 жобаның нәтижесінде 450 мыңнан астам адам сапалы ауыз суға қол жеткізеді, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігінің баспасөз қызметі.
Жобалар Ақмола, Алматы, Атырау, Ұлытау, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстарында жүзеге асырылуда.
Хабарламада 158 елді мекенде жұмыс жүргізілетіні көрсетілген. Жұмыстарды аяқтау мерзімі 2024-2025 жылдарға жоспарланған.
Ведомствоның хабарлауынша, 2021-2022 жылдары Ақмола, Ақтөбе, Қызылорда, Ұлытау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 7 нысан пайдалануға берілді. Жалпы саны 203 мың адам тұратын 51 ауылда және Сәтбаев, Макинск, Жезқазған қалаларында 800 километрден астам су құбыры желілері салынып, сумен жабдықтау сапасы жақсартылды.
Открыта внеплановая проверка в отношении ТОО Казцинк по факту загрязнения реки Филиповка - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.09.2023
Қазақстанға ауыз су тапшылығы қаупі төніп тұр – экологтар
Жаңалықтар
0