https://sputnik.kz/20231019/eaeo-men-bir-beldeu-bir-zhol-zhiksiz-kolik-megazhobalaryn-zhuzege-asyruy-mumkin--eek-39477065.html
"Бір белдеу, бір жол" мен ЕАЭО жіксіз көлік мегажобаларын жүзеге асыруы мүмкін – ЕЭК
"Бір белдеу, бір жол" мен ЕАЭО жіксіз көлік мегажобаларын жүзеге асыруы мүмкін – ЕЭК
Sputnik Қазақстан
Михаил Мясникович "Бір белдеу, бір жол" форумында қытайлық серіктестерді еуразиялық көлік жобаларына қатысуға шақырды 19.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-19T09:41+0500
2023-10-19T09:41+0500
2023-10-19T10:09+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/788/24/7882437_0:0:2479:1395_1920x0_80_0_0_a06d950e5720fe4a2d15dedcd624b826.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Еуразиялық одақ елдері мен Қытайдың технологияны меңгерген азаматтары ортақ мәселелерді шешуде белсендірек жұмыс істеуі керек, деді ЕЭК алқасының басшысы Михаил Мясникович.Алқа басшысы Бейжіңде "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үшінші жоғары деңгейдегі форумда сөз сөйледі.Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі сауда-экономикалық серіктестерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндігі бар, деді ол.Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мен Қытайдың көлік және инфрақұрылымды дамыту саласындағы бірлескен жобаларын іске асыру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынып отырғанын хабарлады.Ол Еуразиялық одақтың барлық мемлекетінің басшылары Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің еуразиялық интеграция мен "Бір белдеу, бір жол" бастамасын біріктіру идеясын қолдағанын еске салды."Бұл біздің елдер басшыларының дана және өте маңызды шешімі. Ол халықаралық экономикалық қатынастардың жаңа парадигмасына көшукеректігін білдіреді. Еуразия аймағындағы интеграциялық тетіктердің ашықтығы, теңдігі және бірін-бірі толықтыруы осы идеяның негізгі қағидаттары болады", - деді ол.ЕЭК алқасының басшысы сондай-ақ Беларусь президенті Александр Лукашенконың Қытай және осы халықаралық құрылымдарға кіретін басқа елдер үшін өзекті саналатын экономикалық ынтымақтастықтың негізгі міндеттерін талқылау үшін ЕАЭО, ШЫҰ және БРИКС бірлескен саммитін өткізу туралы бастамасын еске салды.Мясниковичтің айтуынша, ЕАЭО қазірдің өзінде еуразиялық интеграция мен "Бір белдеу, бір жол" бастамасын біріктіруді іс жүзінде жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатыр - тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тауар айналымы 2015-2022 жылдары 2,8 есе өсіп, іс жүзінде 220 миллиард долларға жетті, бұл өзара қарым-қатынастың бүкіл тарихындағы рекордтық деңгей, деп толықтырды Мясникович.Қытай бағытындағы тиімді жұмыстың тағы бір жарқын мысалы ретінде форумда ЕАЭО елдерінен Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті жеделдетіп тұрақты тасымалдау үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған ЕЭК әзірлеген "Евразийский агроэкспресс" жобасы ұсынылды."Оны жүзеге асырудың алғашқы жылының өзінде Беларусь пен Ресей өңірлерінен ҚХР-ға ауылшаруашылық жүктері тиелген 18,5 мың контейнер жөнелтілді", - деді ол.2022 жылдың тамызында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары көлік саласындағы жеті басым интеграциялық жобаның тізбесін бекітіп, жұмыс көлемі айқындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/788/24/7882437_69:0:2390:1741_1920x0_80_0_0_3d973576aea74ee22f44c05f6f9673be.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
"Бір белдеу, бір жол" мен ЕАЭО жіксіз көлік мегажобаларын жүзеге асыруы мүмкін – ЕЭК
09:41 19.10.2023 (жаңартылды: 10:09 19.10.2023) Михаил Мясникович "Бір белдеу, бір жол" форумында қытайлық серіктестерді еуразиялық көлік жобаларына қатысуға шақырды
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Еуразиялық одақ елдері мен Қытайдың технологияны меңгерген азаматтары ортақ мәселелерді шешуде белсендірек жұмыс істеуі керек, деді ЕЭК алқасының басшысы Михаил Мясникович.
Алқа басшысы Бейжіңде "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясындағы халықаралық ынтымақтастық жөніндегі үшінші жоғары деңгейдегі форумда сөз сөйледі.
Еуразиялық экономикалық одақтың негізгі сауда-экономикалық серіктестерімен ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүмкіндігі бар, деді ол.
Мясникович Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мен Қытайдың көлік және инфрақұрылымды дамыту саласындағы бірлескен жобаларын іске асыру бойынша жұмысты жандандыруды ұсынып отырғанын хабарлады.
"Біздің бірлескен іс-әрекетіміз Еуразиядағы жіксіз көлік байланысын орнататынына сенімдіміз. Ол үшін Еуразиялық экономикалық комиссия ЕАЭО мен ШЫҰ-ның өзара іс-қимылы аясында көлік-логистикалық мегажобаның тұжырымдамасын әзірлеп, ұсынды", - деді Мясникович.
Ол Еуразиялық одақтың барлық мемлекетінің басшылары Ресей президенті Владимир Путин мен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің еуразиялық интеграция мен "Бір белдеу, бір жол" бастамасын біріктіру идеясын қолдағанын еске салды.
"Бұл біздің елдер басшыларының дана және өте маңызды шешімі. Ол халықаралық экономикалық қатынастардың жаңа парадигмасына көшукеректігін білдіреді. Еуразия аймағындағы интеграциялық тетіктердің ашықтығы, теңдігі және бірін-бірі толықтыруы осы идеяның негізгі қағидаттары болады", - деді ол.
ЕЭК алқасының басшысы сондай-ақ Беларусь президенті Александр Лукашенконың Қытай және осы халықаралық құрылымдарға кіретін басқа елдер үшін өзекті саналатын экономикалық ынтымақтастықтың негізгі міндеттерін талқылау үшін ЕАЭО, ШЫҰ және БРИКС бірлескен саммитін өткізу туралы бастамасын еске салды.
Мясниковичтің айтуынша, ЕАЭО қазірдің өзінде еуразиялық интеграция мен "Бір белдеу, бір жол" бастамасын біріктіруді іс жүзінде жүзеге асыру бойынша жұмыс істеп жатыр - тараптар Сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қытай Халық Республикасы арасындағы тауар айналымы 2015-2022 жылдары 2,8 есе өсіп, іс жүзінде 220 миллиард долларға жетті, бұл өзара қарым-қатынастың бүкіл тарихындағы рекордтық деңгей, деп толықтырды Мясникович.
Қытай бағытындағы тиімді жұмыстың тағы бір жарқын мысалы ретінде форумда ЕАЭО елдерінен Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлікті жеделдетіп тұрақты тасымалдау үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған ЕЭК әзірлеген "Евразийский агроэкспресс" жобасы ұсынылды.
"Оны жүзеге асырудың алғашқы жылының өзінде Беларусь пен Ресей өңірлерінен ҚХР-ға ауылшаруашылық жүктері тиелген 18,5 мың контейнер жөнелтілді", - деді ол.
2022 жылдың тамызында ЕАЭО елдерінің үкімет басшылары көлік саласындағы жеті басым интеграциялық жобаның тізбесін бекітіп, жұмыс көлемі айқындалды.