https://sputnik.kz/20231019/bir-ayagy-7-sm-kem-bolgan-almatylyq-darigerler-biregey-ota-zhasady-39511834.html
Бір аяғы 7 см кем болған: Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасады
Бір аяғы 7 см кем болған: Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. Алматы қаласы төртінші қалалық аурухананың травматолог-ортопедтері ауыр кемістікті: туа біткен ортан жіліктің шығуы мен жамбас... 19.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-19T21:00+0500
2023-10-19T21:00+0500
2023-10-19T21:00+0500
алматы
ота
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/13/39511669_0:370:960:910_1920x0_80_0_0_e31a87278d5df2e929e2db64b5d433b4.jpg
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. Алматы қаласы төртінші қалалық аурухананың травматолог-ортопедтері ауыр кемістікті: туа біткен ортан жіліктің шығуы мен жамбас буынының 4-дәрежелі туа біткен дисплазиясын түзету үшін бірегей әрі күрделі операция жасады, деп хабарлайды №4 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.27 жыл бойы жас жігіт диагнозына байланысты екі аяғын тең басып жүре алмаған. Өйткені бір аяғы 7 см қысқа болған. Денсаулығының арқауына намыстанған жігіт медициналық білім алып, Тараз қаласындағы клиникаларының бірінде мейіргер болып істейді, сонда No4 қалалық клиникалық аурухана ортопед дәрігерлері туралы біледі.Операцияны ортопед-травматолог Жайдарман Оразхан жасады. Дәрігердің айтуынша, науқас бір жыл ойланып, Төртінші қалалық ауруханаға ота жасау үшін қайтып келген. Ортопедия және травматология саласындағы мұндай бірегей жағдайға куә болу үшін Ресейдің Қорған қаласынан Академик Г.А.Илизаров атындағы Ұлттық медициналық травматология және ортопедия орталығының өкілі Андрей Каминский келді. Қазақстандық және ресейлік дәрігерлердің бірлескен операциясы 4 сағатқа созылды."Алматыдағы No4 аурухананың хирургтарымен бірге бір операцияға қатыстым. Операция шынымен де өте күрделі болды және мұндай операцияны таңдау үшін дәрігерлердің сәйкес кәсібилігі, білімі мен тәжірибесі қажет. Бұл аурухана үшін аталған хирургиялық араласу бірегей нәрсе емес және дәрігерлер керемет кәсібилік көрсетті, араласу бірнеше остеотомияны қажет ететініне қарамастан, олар өте әдемі, мұқият, іс жүзінде қан жоғалтпай жұмыс істеді. Эндопротез мінсіз орнатылды. Мен керемет хирургиялық араласуға қатыса алдым деп есептеймін және мұны көргеніме, осы аурухана көрсеткен деңгейге өте ризамын", - деп атап өтті РФ ДСМ "Академик Г.А.Илизаров атындағы Ұлттық медициналық травматология және ортопедия орталығы" бас дәрігерінің өңірлермен байланыс және білім беру жөніндегі орынбасары Андрей Каминский.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/13/39511669_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_8a518299e24b796f8f1c6e3ce02c7ad3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, ота
Бір аяғы 7 см кем болған: Алматылық дәрігерлер бірегей ота жасады
АЛМАТЫ, 19 қазан - Sputnik. Алматы қаласы төртінші қалалық аурухананың травматолог-ортопедтері ауыр кемістікті: туа біткен ортан жіліктің шығуы мен жамбас буынының 4-дәрежелі туа біткен дисплазиясын түзету үшін бірегей әрі күрделі операция жасады, деп хабарлайды №4 қалалық клиникалық аурухананың баспасөз қызметі.
27 жыл бойы жас жігіт диагнозына байланысты екі аяғын тең басып жүре алмаған. Өйткені бір аяғы 7 см қысқа болған. Денсаулығының арқауына намыстанған жігіт медициналық білім алып, Тараз қаласындағы клиникаларының бірінде мейіргер болып істейді, сонда No4 қалалық клиникалық аурухана ортопед дәрігерлері туралы біледі.
"Сол аяққа ота жасадық, енді бірер айдан кейін екінші жамбас буынына ота жасаймыз, содан кейін науқасымыз жүріп, ақсақтықтан құтылады. Бес жасында оған "шығып кеткен буынды салу" операциясы жасалған, түзету остеотомиясы да қолданылды, бірақ бұл көмектеспеді. Науқас бізге консультацияға келгенде, біз оған операция жасауды ұсындық. Ол көптеген жерге көрініп, ем іздеген. Оның патологиясымен тек No4 қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері айналысатындықтан, оны бізге жіберді. Операция жасалған сол аяқ 5-7 см қысқа, 4-дәрежелі дисплазия, проксимальды сан сүйегінің вальгусты деформациясы. Біз мұндай жағдайға жылына 25-30-ға жуық осындай ота жасаймыз", – дейді No4 қалалық клиникалық аурухананың эндопротездеу бөлімінің меңгерушісі Манарбек Әубәкіров.
Операцияны ортопед-травматолог Жайдарман Оразхан жасады. Дәрігердің айтуынша, науқас бір жыл ойланып, Төртінші қалалық ауруханаға ота жасау үшін қайтып келген. Ортопедия және травматология саласындағы мұндай бірегей жағдайға куә болу үшін Ресейдің Қорған қаласынан Академик Г.А.Илизаров атындағы Ұлттық медициналық травматология және ортопедия орталығының өкілі Андрей Каминский келді. Қазақстандық және ресейлік дәрігерлердің бірлескен операциясы 4 сағатқа созылды.
"Алматыдағы No4 аурухананың хирургтарымен бірге бір операцияға қатыстым. Операция шынымен де өте күрделі болды және мұндай операцияны таңдау үшін дәрігерлердің сәйкес кәсібилігі, білімі мен тәжірибесі қажет. Бұл аурухана үшін аталған хирургиялық араласу бірегей нәрсе емес және дәрігерлер керемет кәсібилік көрсетті, араласу бірнеше остеотомияны қажет ететініне қарамастан, олар өте әдемі, мұқият, іс жүзінде қан жоғалтпай жұмыс істеді. Эндопротез мінсіз орнатылды. Мен керемет хирургиялық араласуға қатыса алдым деп есептеймін және мұны көргеніме, осы аурухана көрсеткен деңгейге өте ризамын", - деп атап өтті РФ ДСМ "Академик Г.А.Илизаров атындағы Ұлттық медициналық травматология және ортопедия орталығы" бас дәрігерінің өңірлермен байланыс және білім беру жөніндегі орынбасары Андрей Каминский.