https://sputnik.kz/20231019/auyl-sharuashylygy-ministrligi-astyq-eksportyn-qysqartudy-zhosparlap-otyr-39491419.html
Ауыл шаруашылығы министрлігі астық экспортын қысқартуды жоспарлап отыр
Ауыл шаруашылығы министрлігі астық экспортын қысқартуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін республика сыртқа 7-8 млн тонна астық экспорттап келген 19.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-19T12:34+0500
2023-10-19T12:34+0500
2023-10-19T13:10+0500
астық
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38043377_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_af7299cc594e80972bc837214c208d8e.jpg
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстан дәстүрлі нарықтарға астық экспортын 5 млн тоннаға дейін қысқартады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, биыл өткен жылмен салыстырғанда жиналатын астық көлемі аз. Сол себепті министрлік астық экспортын қысқартпақ.Вице-министр қазір экспортты шектеуге ешқандай алғышарт жоқ екенін атап өтті."Маркетингтік маусым енді ғана басталып жатыр. Астық жеткілікті", - деп сендірді ол.Айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында күзгі егін орағы аяқталған. Қостанай мен Ақмола облыстарында осы айда аяқталады деп күтілуде.Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл 15,6 млн тонна астық жиналады деп болжап отыр. Өткен жылдан қалатын көлемді ескергенде, ішкі нарықты қамтамасыз етуге астық толығымен жетеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/08/1d/38043377_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_aaa6ea1b841524fc2c0c17abdcb8cf68.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық
Ауыл шаруашылығы министрлігі астық экспортын қысқартуды жоспарлап отыр
12:34 19.10.2023 (жаңартылды: 13:10 19.10.2023) Бұған дейін республика сыртқа 7-8 млн тонна астық экспорттап келген
АСТАНА, 19 қазан – Sputnik. Қазақстан дәстүрлі нарықтарға астық экспортын 5 млн тоннаға дейін қысқартады. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, биыл өткен жылмен салыстырғанда жиналатын астық көлемі аз. Сол себепті министрлік астық экспортын қысқартпақ.
"Біз ішкі нарыққа әсер етпей, дәстүрлі нарықтарға экспортты азайтамыз. Келісімшарттар бар, осы маркетингтік жылдан бастап астық тиеу жұмыстары жүріп жатыр. Қарқын жаман емес. Биыл біз экспортты 5 млн тонна бидай көлемінде жоспарлап отырмыз. Бұған дейін орташа есеппен 7-8 млн тонна тиеп жөнелтетін едік. Бұл орташа жылдық көрсеткіш", - деді Сұлтанов Астанада ашылған халықаралық KazAgro/KazFarm-2023 ауыл шаруашылығы көрмесінің кулуарында.
Вице-министр қазір экспортты шектеуге ешқандай алғышарт жоқ екенін атап өтті.
"Маркетингтік маусым енді ғана басталып жатыр. Астық жеткілікті", - деп сендірді ол.
Айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында күзгі егін орағы аяқталған. Қостанай мен Ақмола облыстарында осы айда аяқталады деп күтілуде.
Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл 15,6 млн тонна астық жиналады деп болжап отыр. Өткен жылдан қалатын көлемді ескергенде, ішкі нарықты қамтамасыз етуге астық толығымен жетеді.