Астана мен Алматыда Республика күнінде отшашу бола ма

© Sputnik / Владислав ВодневСалют в столице в четь Дня Республики
Салют в столице в четь Дня Республики - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.10.2023
Жазылу
Алматыда Республика күнін мерекелеу ертеңнен басталады
АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Республика күні мерекесінде Алматы мен Астанада от шашу болмайды. Бұл туралы Астана және Алматы қаласы әкімдіктерінің баспасөз қызметі хабарлады.
Республика күніне орай елордада 200-ден аса мәдени, білім, спорттық және әлеуметтік іс-шаралар өткізу жоспарланған.

"Концерттер, автошерулер, көрмелер, балаларға арналған көрнекті нысандарға экскурсиялар, дөңгелек үстелдер өтеді. Ұлттық спорт түрлерінен турнирлер, әлеуметтік осал топ өкілдеріне азық-түлік себеттерін таратылып, пәтер кілттері табысталады", - дейді Астана қаласының әкімдігіндегілер.

Ведомствоның хабарлауынша, отшашу болмайды.
Алматыда Республика күнін мерекелеу ертеңнен басталады.
"21 қазан сағат 10:00 - де қаланың барлық ауданында еріктілер фронт кеңсесімен бірлескен "Жаңа Қазақстан. Таза табиғат" экологиялық сенбілігі өтеді. Сенбілік аясында қала аумағын тазарту, рекреациялық аймақтарды, саябақтарды, скверлерді, аула аумақтарын жинау, сонымен бірге жаппай ағаш отырғызу жоспарланған", - дейді Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Оңтүстік астанадағы мекелік шара үш күнге жалғасады. Мәдени-спорттық шаралар қала тұрғындары мен қонақтарына арналады.
Алматыда да отшашу болмайды. Бұл туралы баспасөз қызметі айтты.
Жаңалықтар
0