Ресей басшысы Солтүстік теңіз жолын дамытуға шақырды

© POOL / Медиабанкке өтуПрезидент России Владимир Путин
Президент России Владимир Путин - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Жазылу
"Бір белдеу – бір жол" форумы Қытайда өтіп жатыр
АСТАНА, 18 қазан – Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік теңіз жолын дамытуға мүдделі елдерді осы жобаға қатысуға шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Солтүстік теңіз жолының транзиттік әлеуеті зор. Оны осы артықшылығын пайдаланып қана қоймай, дамытуға да атсалысуға болады.
"Ресей өз әріптестеріне Солтүстік теңіз жолының транзиттік әлеуетін белсенді пайдалануды ғана ұсынып отырған жоқ. Біз мүдделі елдерді осы жобаны дамытуға тікелей атсалысуға шақырамыз. Өз тарапымыздан мұзбен өткізу, байланыс және жабдықтау жағынан қамтамасыз ете аламыз", - деді Путин "Бір белдеу – бір жол" форумында.
Оның айтуынша, келесі жылдан бастап Солтүстік теңіз жолымен жүретін жүк кемелері үшін навигация жыл бойы істейтін болады.
Айта кетері, "Бір белдеу – бір жол" форумы Қытайда өтіп жатыр. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда.
Президент РФ Владимир Путин на заседании Совета глав государств-участников СНГ в узком составе в государственной резиденции Ала-Арча в Киргизии - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2023
Путин Ресей мен Қытайдың өзара тиімді әріптестікке ұмтылатынын айтты
Жаңалықтар
0