https://sputnik.kz/20231018/qazmunaygaz-nysandaryn-huawei-tsifrlandyrady-39462025.html
"ҚазМұнайГаз" нысандарын Huawei цифрландырады
"ҚазМұнайГаз" нысандарын Huawei цифрландырады
Sputnik Қазақстан
"ҚазМұнайГаз" басшысының орынбасары қытайлық әріптестерін Астанадағы компания кеңсесіне цифрлы диспетчерлік-талдау орталығының қызметімен танысуға шақырды 18.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-18T17:08+0500
2023-10-18T17:08+0500
2023-10-18T17:08+0500
қазмұнайгаз
цифрландыру
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/12/39458532_0:257:2730:1793_1920x0_80_0_0_42751881f6f819cea8034483ee75f5cd.jpg
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорындарын цифрландырумен қытайлық Huawei айналысуы мүмкін, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі."ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев Huawei компаниясының Бейжіңде орналасқан зерттеу және әзірлеу орталығында (R&D) болып, "Huawei Middle East & Central Asia" вице-президенті Ван Шунлимен кездесті."Тараптар қос компанияның ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Ван Шунли Huawei компаниясының телекоммуникация, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, заттар интернеті және цифрлы энергетика саласындағы жетістіктерін баяндады", - делінген компания хабарламасында.Макеев өндіріске цифрлы шешімдерді енгізу "ҚазМұнайГаздың" басым міндеттерінің бірі екенін айтты."ҚазМұнайГаз" басшысының орынбасары атап өткендей, ұлттық компания қазірдің өзінде "Huawei Fusion Module 1000A" контейнерлік деректер орталығын қолданады. "ҚазМұнайГаздың" еншілес кәсіпорындары да қытай компаниясының жабдықтарын (коммутаторлар, радиорелелік жүйелер, WiFi контроллер, қосылу нүктелері, телефон станциялары, IP-телефондар, серверлер және т.б.) кеңінен пайдаланады.Дмитрий Макеев қытайлық әріптестердің Қазақстандағы өкілдерін Астанадағы "ҚазМұнайГаз" кеңсесіне цифрлы диспетчерлік-талдау орталығының қызметімен танысуға шақырды.Ол сондай-ақ қазақстандық мұнай-газ операторының Huawei-мен өзара байланысты арттыруға дайын екенін жеткізді.
https://sputnik.kz/20231018/qazmunaygaz-qytaylyq-cncec-pen-birge-atyrau-munay-zauytynda-elektr-stantsiyasyn-salady-39453286.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/12/39458532_0:0:2730:2048_1920x0_80_0_0_941874760deb58a02a347aa74294dbc2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазмұнайгаз, цифрландыру
"ҚазМұнайГаз" нысандарын Huawei цифрландырады
"ҚазМұнайГаз" басшысының орынбасары қытайлық әріптестерін Астанадағы компания кеңсесіне цифрлы диспетчерлік-талдау орталығының қызметімен танысуға шақырды
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясының еншілес кәсіпорындарын цифрландырумен қытайлық Huawei айналысуы мүмкін, деп хабарлайды ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы АҚ басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Макеев Huawei компаниясының Бейжіңде орналасқан зерттеу және әзірлеу орталығында (R&D) болып, "Huawei Middle East & Central Asia" вице-президенті Ван Шунлимен кездесті.
"Тараптар қос компанияның ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Ван Шунли Huawei компаниясының телекоммуникация, жасанды интеллект, ақпараттық технологиялар, заттар интернеті және цифрлы энергетика саласындағы жетістіктерін баяндады", - делінген компания хабарламасында.
Макеев өндіріске цифрлы шешімдерді енгізу "ҚазМұнайГаздың" басым міндеттерінің бірі екенін айтты.
"ҚазМұнайГаз" басшысының орынбасары атап өткендей, ұлттық компания қазірдің өзінде "Huawei Fusion Module 1000A" контейнерлік деректер орталығын қолданады. "ҚазМұнайГаздың" еншілес кәсіпорындары да қытай компаниясының жабдықтарын (коммутаторлар, радиорелелік жүйелер, WiFi контроллер, қосылу нүктелері, телефон станциялары, IP-телефондар, серверлер және т.б.) кеңінен пайдаланады.
Дмитрий Макеев қытайлық әріптестердің Қазақстандағы өкілдерін Астанадағы "ҚазМұнайГаз" кеңсесіне цифрлы диспетчерлік-талдау орталығының қызметімен танысуға шақырды.
Ол сондай-ақ қазақстандық мұнай-газ операторының Huawei-мен өзара байланысты арттыруға дайын екенін жеткізді.