https://sputnik.kz/20231018/bir-beldeu-bir-zhol-forumy-prezidentter-qanday-malimdeme-zhasady-39487488.html
"Бір белдеу, бір жол" форумы: президенттер қандай мәлімдеме жасады
"Бір белдеу, бір жол" форумы: президенттер қандай мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
17-18 қазанда Бейжіңде "Бір белдеу, бір жол" үшінші халықаралық форумы өтті. Оған 140-тан астам ел мен 30 халықаралық ұйымнан 4 мыңнан астам адам қатысты. 18.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-18T19:33+0500
2023-10-18T19:33+0500
2023-10-19T12:33+0500
қытай
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/13/39491346_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_68d1baf91cfa3b091cd8f3106b16fa1b.jpg
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Форум барысында бірқатар елдің президенттері сөз сөйлеп, мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастық дамуы мен халықаралық мәселелер жайында пікір білдірді.ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай блоктық саясатты қабылдамайтынын және біржақты санкцияларға қарсы екенін айтты."Біз идеологиялық қарама-қайшылыққа, геосаяси ойындарға немесе блоктық саяси текетіреске қатыспаймыз. Біз біржақты санкцияларға, экономикалық мәжбүрлеуге және байланыстарды үзуге қарсымыз", - деді Қытай басшысы.Ол алдағы бес жылда тауарлар мен қызметтердің сыртқы саудасы тиісінше 32 триллион доллардан және 5 триллион доллардан асады деп күтіліп отырғанын мәлімдеді.Си Цзиньпиннің айтуынша, Қытай алдағы уақытта мейлінше көп елмен еркін сауда және инвестицияны қорғау туралы келісім жасауды көздеп отыр."Қытай Жібек жолы электрондық коммерция саласында пилоттық ынтымақтастық аймағын құрып, мейлінше көп елмен еркін сауда келісімдері мен инвестицияларды қорғау туралы келісімдер жасайды, өңдеу секторындағы шетелдік инвестицияларға шектеулерді толығымен алып тастайды және экономика мен сауда ережелерінің халықаралық жоғары стандарттарын белсенді түрде ұстанады", - деді Қытай Халық Республикасының басшысы.Си Цзиньпин мәлімдегендей, Қытай өзіне ғана арналған модернизацияны көздемейді, ол көптеген дамушы елдермен бірге модернизацияны жүзеге асыруға ниетті."Әлемдік модернизация бейбіт даму модернизациясы, өзара тиімді ынтымақтастық модернизациясы және ортақ гүлдену модернизациясы болуы керек. Қытай барлық тараппен "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында серіктестікті тереңдете түсуге, "Бір белдеу, бір жол" бастамасының бірлескен құрылысын жоғары сапалы дамудың жаңа кезеңіне шығаруға және әлемнің барлық елінің модернизациясын жүзеге асыруға тынымсыз күш салуға дайын", - деді Си Цзиньпин.Сонымен қатар форумның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан президеенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі геосаяси жағдайда "Бір белдеу, бір жол" бастамасы қажетті халықаралық жобаға және ынтымақтастықтың ірі платформасына айналғанын айтты."Бір белдеу, бір жол" жобасы Қытайдың экономикалық қуатын, сондай-ақ оның жаһандық деңгейдегі жаңа белестерді бағындыруға ұмтылысын көрсетеді. Бұл бастама өзінің қажеттілігін көрсетті, әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалып, жаһандық ауқымдағы үлкен жобаға айналды", - деді Қазақстан президенті.Мемлекет басшысы "Бір белдеу, бір жол" жобасының теңдессіз әрі ауқымды халықаралық ынтымақтастық үшін пәрменді платформаға айналғанына тоқталды.Тоқаевтың айтуынша, аталған жобаның Қазақстан үшін де орасан зор ықпалы бар."Бүгінде Қытайдан Еуропаға жасалатын жерүсті транзиттік тасымалдың 85 пайызға жуығы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Көлік-транзит саласының дамуына баса мән бере отырып, соңғы 15 жылда біз осы мақсаттарға 35 миллиард доллардан астам қаражат бөлдік. Ляньюньгандағы қазақ-қытай логистикалық орталығы, "Қорғас" құрғақ порты, Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік магистралі, Қытайдан Иранға баратын теміржол дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар іске қосылды. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз", – деді Тоқаев.Форумның ашылуында сөз сөйлегендердің бірі – Ресей президенті Владимир Путин Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) қоса алғанда, түрлі интеграциялық процестер байланыстырылатын үлкен еуразиялық кеңістікті қалыптастыру туралы Ресей идеяларымен үйлесетінін айтты."Ресей мен Қытай ұзақ мерзімді экономикалық дамуға қол жеткізу үшін тең құқылы, өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылады. Осындай негізгі қағидаттарға құрылған "Бір белдеу, бір жол" бастамасы түрлі аймақтарда дамып жатқан интеграциялық процестермен жақсы үйлеседі. Бұл сондай-ақ сауда, инвестиция, еңбек еркіндігі толық қамтамасыз етілетін және өзара байланысты инфрақұрылым құрылатын осындай интеграциялық контурды құру туралы ресейлік идеялармен үйлеседі", - деді Путин.Ресей шетелдік әріптестерімен бірге Сібірден Моңғолияға, Қытайға және Тынық мұхиты порттарына теміржол бағыттарын салумен айналысып жатыр, деді Путин."Біз шетелдік серіктестермен Орталық Сібірден оңтүстік бағытта – Қытайға, Моңғолияға, Үнді және Тынық мұхит порттарына теміржол бағыттарын салу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Басқа да жобалар туралы айтсам, еліміздің еуропалық бөлігінде Балтық және Арктикадағы ресейлік порттарды Парсы шығанағы мен Үнді мұхиты жағалауындағы порттармен байланыстыратын халықаралық Солтүстік-Оңтүстік дәлізі қалыптасуда. Солтүстіктен оңтүстікке қарай тағы бір көлік меридианы Ресейдің Орал өңірі мен Сібір арқылы өтеді", - деді Путин.Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік теңіз жолын дамытуға мүдделі елдерді осы жобаға қатысуға шақырды."Ресей өз әріптестеріне Солтүстік теңіз жолының транзиттік әлеуетін белсенді пайдалануды ғана ұсынып отырған жоқ. Біз мүдделі елдерді осы жобаны дамытуға тікелей атсалысуға шақырамыз. Өз тарапымыздан мұзбен өткізу, байланыс және жабдықтау жағынан қамтамасыз ете аламыз. Келесі жылдан бастап Солтүстік теңіз жолымен жүретін жүк кемелері үшін навигация жыл бойы істейтін болады", - деді Путин "Бір белдеу – бір жол" форумында."Бір белдеу, бір жол" - осыдан 10 жыл бұрын Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин ұсынған халықаралық бастама. Оның мақсаты Орталық Азияның, Еуропаның және Африканың 60-тан астам елін байланыстыратын қолданыстағы сауда және көлік дәліздерін жетілдіру және жаңадан құру және бұл осы мемлекеттер мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын дамытуға жәрдемдесуге арналған.Қазіргі уақытта бастама аясында барлығы 150-ден астам мемлекет пен 30-дан астам халықаралық ұйым ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды. Оған қоса, 1 триллион долларға жуық инвестиция тартылып, 3 мыңнан астам ынтымақтастық нысаны құрылды.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/13/39491346_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_3127782453dd2cf531ca0a865a12c0d8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қытай, қасым-жомарт тоқаев
қытай, қасым-жомарт тоқаев
"Бір белдеу, бір жол" форумы: президенттер қандай мәлімдеме жасады
19:33 18.10.2023 (жаңартылды: 12:33 19.10.2023) 17-18 қазанда Бейжіңде "Бір белдеу, бір жол" үшінші халықаралық форумы өтті. Оған 140-тан астам ел мен 30 халықаралық ұйымнан 4 мыңнан астам адам қатысты.
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Форум барысында бірқатар елдің президенттері сөз сөйлеп, мемлекеттер арасындағы өзара ынтымақтастық дамуы мен халықаралық мәселелер жайында пікір білдірді.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай блоктық саясатты қабылдамайтынын және біржақты санкцияларға қарсы екенін айтты.
"Біз идеологиялық қарама-қайшылыққа, геосаяси ойындарға немесе блоктық саяси текетіреске қатыспаймыз. Біз біржақты санкцияларға, экономикалық мәжбүрлеуге және байланыстарды үзуге қарсымыз", - деді Қытай басшысы.
Ол алдағы бес жылда тауарлар мен қызметтердің сыртқы саудасы тиісінше 32 триллион доллардан және 5 триллион доллардан асады деп күтіліп отырғанын мәлімдеді.
Си Цзиньпиннің айтуынша, Қытай алдағы уақытта мейлінше көп елмен еркін сауда және инвестицияны қорғау туралы келісім жасауды көздеп отыр.
"Қытай Жібек жолы электрондық коммерция саласында пилоттық ынтымақтастық аймағын құрып, мейлінше көп елмен еркін сауда келісімдері мен инвестицияларды қорғау туралы келісімдер жасайды, өңдеу секторындағы шетелдік инвестицияларға шектеулерді толығымен алып тастайды және экономика мен сауда ережелерінің халықаралық жоғары стандарттарын белсенді түрде ұстанады", - деді Қытай Халық Республикасының басшысы.
Си Цзиньпин мәлімдегендей, Қытай өзіне ғана арналған модернизацияны көздемейді, ол көптеген дамушы елдермен бірге модернизацияны жүзеге асыруға ниетті.
"Әлемдік модернизация бейбіт даму модернизациясы, өзара тиімді ынтымақтастық модернизациясы және ортақ гүлдену модернизациясы болуы керек. Қытай барлық тараппен "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында серіктестікті тереңдете түсуге, "Бір белдеу, бір жол" бастамасының бірлескен құрылысын жоғары сапалы дамудың жаңа кезеңіне шығаруға және әлемнің барлық елінің модернизациясын жүзеге асыруға тынымсыз күш салуға дайын", - деді Си Цзиньпин.
Сонымен қатар форумның ашылуында сөз сөйлеген Қазақстан президеенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі геосаяси жағдайда "Бір белдеу, бір жол" бастамасы қажетті халықаралық жобаға және ынтымақтастықтың ірі платформасына айналғанын айтты.
"Бір белдеу, бір жол" жобасы Қытайдың экономикалық қуатын, сондай-ақ оның жаһандық деңгейдегі жаңа белестерді бағындыруға ұмтылысын көрсетеді. Бұл бастама өзінің қажеттілігін көрсетті, әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалып, жаһандық ауқымдағы үлкен жобаға айналды", - деді Қазақстан президенті.
Мемлекет басшысы "Бір белдеу, бір жол" жобасының теңдессіз әрі ауқымды халықаралық ынтымақтастық үшін пәрменді платформаға айналғанына тоқталды.
Тоқаевтың айтуынша, аталған жобаның Қазақстан үшін де орасан зор ықпалы бар.
"Бүгінде Қытайдан Еуропаға жасалатын жерүсті транзиттік тасымалдың 85 пайызға жуығы Қазақстан аумағы арқылы өтеді. Көлік-транзит саласының дамуына баса мән бере отырып, соңғы 15 жылда біз осы мақсаттарға 35 миллиард доллардан астам қаражат бөлдік. Ляньюньгандағы қазақ-қытай логистикалық орталығы, "Қорғас" құрғақ порты, Батыс Еуропа – Батыс Қытай транзиттік магистралі, Қытайдан Иранға баратын теміржол дәлізі сияқты ірі инфрақұрылымдық жобалар іске қосылды. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз", – деді Тоқаев.
Форумның ашылуында сөз сөйлегендердің бірі – Ресей президенті Владимир Путин Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы Еуразиялық экономикалық одақты (ЕАЭО) қоса алғанда, түрлі интеграциялық процестер байланыстырылатын үлкен еуразиялық кеңістікті қалыптастыру туралы Ресей идеяларымен үйлесетінін айтты.
"Ресей мен Қытай ұзақ мерзімді экономикалық дамуға қол жеткізу үшін тең құқылы, өзара тиімді ынтымақтастыққа ұмтылады. Осындай негізгі қағидаттарға құрылған "Бір белдеу, бір жол" бастамасы түрлі аймақтарда дамып жатқан интеграциялық процестермен жақсы үйлеседі. Бұл сондай-ақ сауда, инвестиция, еңбек еркіндігі толық қамтамасыз етілетін және өзара байланысты инфрақұрылым құрылатын осындай интеграциялық контурды құру туралы ресейлік идеялармен үйлеседі", - деді Путин.
Ресей шетелдік әріптестерімен бірге Сібірден Моңғолияға, Қытайға және Тынық мұхиты порттарына теміржол бағыттарын салумен айналысып жатыр, деді Путин.
"Біз шетелдік серіктестермен Орталық Сібірден оңтүстік бағытта – Қытайға, Моңғолияға, Үнді және Тынық мұхит порттарына теміржол бағыттарын салу үшін жұмыс істеп жатырмыз. Басқа да жобалар туралы айтсам, еліміздің еуропалық бөлігінде Балтық және Арктикадағы ресейлік порттарды Парсы шығанағы мен Үнді мұхиты жағалауындағы порттармен байланыстыратын халықаралық Солтүстік-Оңтүстік дәлізі қалыптасуда. Солтүстіктен оңтүстікке қарай тағы бір көлік меридианы Ресейдің Орал өңірі мен Сібір арқылы өтеді", - деді Путин.
Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік теңіз жолын дамытуға мүдделі елдерді осы жобаға қатысуға шақырды.
"Ресей өз әріптестеріне Солтүстік теңіз жолының транзиттік әлеуетін белсенді пайдалануды ғана ұсынып отырған жоқ. Біз мүдделі елдерді осы жобаны дамытуға тікелей атсалысуға шақырамыз. Өз тарапымыздан мұзбен өткізу, байланыс және жабдықтау жағынан қамтамасыз ете аламыз. Келесі жылдан бастап Солтүстік теңіз жолымен жүретін жүк кемелері үшін навигация жыл бойы істейтін болады", - деді Путин "Бір белдеу – бір жол" форумында.
"Бір белдеу, бір жол" - осыдан 10 жыл бұрын Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин ұсынған халықаралық бастама. Оның мақсаты Орталық Азияның, Еуропаның және Африканың 60-тан астам елін байланыстыратын қолданыстағы сауда және көлік дәліздерін жетілдіру және жаңадан құру және бұл осы мемлекеттер мен Қытай арасындағы сауда қатынастарын дамытуға жәрдемдесуге арналған.
Қазіргі уақытта бастама аясында барлығы 150-ден астам мемлекет пен 30-дан астам халықаралық ұйым ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойды. Оған қоса, 1 триллион долларға жуық инвестиция тартылып, 3 мыңнан астам ынтымақтастық нысаны құрылды.