https://sputnik.kz/20231018/aqmola-oblysynda-keybir-aurukhanalar-qarzhyny-igermegen-39456497.html
Ақмола облысында кейбір ауруханалар қаржыны игермеген
Ақмола облысында кейбір ауруханалар қаржыны игермеген
Sputnik Қазақстан
Биыл медициналық көмекті жалпы қаржыландыру көлемі 83,6 млрд теңге болған 18.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-18T21:51+0500
2023-10-18T21:51+0500
2023-10-18T21:51+0500
ақмола облысы
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/10/15220057_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_9e0b15f3be7a60c8f30fda26ee69bfcc.jpg
КӨКШЕТАУ, 18 қазан – Sputnik. Ақмола облысындағы кейбір медициналық ұйымдар қаржыдан тапшылық көрсе, енді бірі оны игере алмай жатыр. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директоры Азамат Өміртаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Биылғы сатып алу жоспары бойынша медициналық көмекті жалпы қаржыландыру 83,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – 46,8 млрд және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде – 36,8 млрд теңге бөлінген."2023 жылдың сегіз айында 52,1 миллиард теңге төлем қабылданды, бұл жасалған медициналық қызметтерді сатып алу шартының 64,9 пайызын құрады. Осылайша, жыл соңына дейін 1,4 миллиард теңге сомасында шарттық міндеттемелерді орындай алмау қаупі төніп тұр. Оның ішінде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – 400 миллион теңгеден астам және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде –1 миллиард теңге", - деп түсіндірді Азамат Өміртаев.Ал керісінше көпбейінді облыстық аурухана, облыстық тубдиспансер, Көкшетау қалалық көпбейінді аурухана, Целиноград аудандық емханасы қосымша қаржыландыруға мұқтаж.Облыстың бас дәрігерлеріне клиникалардағы менеджментті қайта қарап, шарттық міндеттемелерді азайтуға ұсыныстар дайындау міндеттелді.
https://sputnik.kz/20230913/ministrlikter-86-mlrd-tengeni-igermegen-38398259.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/10/15220057_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_09769d64cd5582b0a55eedc70f1f70a6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы
Ақмола облысында кейбір ауруханалар қаржыны игермеген
Биыл медициналық көмекті жалпы қаржыландыру көлемі 83,6 млрд теңге болған
КӨКШЕТАУ, 18 қазан – Sputnik. Ақмола облысындағы кейбір медициналық ұйымдар қаржыдан тапшылық көрсе, енді бірі оны игере алмай жатыр. Бұл туралы "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалының директоры Азамат Өміртаев айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биылғы сатып алу жоспары бойынша медициналық көмекті жалпы қаржыландыру 83,6 млрд теңгені құрады, оның ішінде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – 46,8 млрд және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде – 36,8 млрд теңге бөлінген.
"2023 жылдың сегіз айында 52,1 миллиард теңге төлем қабылданды, бұл жасалған медициналық қызметтерді сатып алу шартының 64,9 пайызын құрады. Осылайша, жыл соңына дейін 1,4 миллиард теңге сомасында шарттық міндеттемелерді орындай алмау қаупі төніп тұр. Оның ішінде медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде – 400 миллион теңгеден астам және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде –1 миллиард теңге", - деп түсіндірді Азамат Өміртаев.
Ал керісінше көпбейінді облыстық аурухана, облыстық тубдиспансер, Көкшетау қалалық көпбейінді аурухана, Целиноград аудандық емханасы қосымша қаржыландыруға мұқтаж.
Облыстың бас дәрігерлеріне клиникалардағы менеджментті қайта қарап, шарттық міндеттемелерді азайтуға ұсыныстар дайындау міндеттелді.