https://sputnik.kz/20231018/adamnyn-ishki-organdaryn-alyp-satumen-aynalysqan-qylmystyq-top-ustaldy-39448141.html
Адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Sputnik Қазақстан
Медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорларды қоса алғанда барлығы 22 адам ұсталған 18.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-18T10:55+0500
2023-10-18T10:55+0500
2023-10-19T16:15+0500
қылмыстық топ
https://sputnik.kz/img/07e7/04/13/34123867_0:0:801:450_1920x0_80_0_0_1eb9a2692fd1f800afbba9a98f8fc09c.jpg
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Қазақстанда Трансплантациялау үшін адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.Алматы мен өңірлерден медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорларды қоса алғанда барлығы 22 адам ұсталған.Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері 22 фигурант (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар) жеткізді. Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды. Іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдіктілерден ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.ҚР ҚК-нің 116-бабы "Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/13/34123867_100:0:700:450_1920x0_80_0_0_fada6ce02cf31ef179e633367168ff38.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қылмыстық топ
Адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
10:55 18.10.2023 (жаңартылды: 16:15 19.10.2023) Медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорларды қоса алғанда барлығы 22 адам ұсталған
АСТАНА, 18 қазан - Sputnik. Қазақстанда Трансплантациялау үшін адамның ішкі органдарын алып-сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Алматы мен өңірлерден медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорларды қоса алғанда барлығы 22 адам ұсталған.
Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарындағы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшелері 22 фигурант (ұйымдастырушылар, медицина қызметкерлері, нотариус, реципиенттер мен донорлар) жеткізді.
"Олар реципиенттер мен донорларды іздеу, жалған құжаттарды ресімдеу және ішкі органдарды трансплантациялау бойынша операцияларды ұйымдастыру міндеттерін өзара бөлісіп, әрекет еткен. Келісім сомасы 6-10 миллион теңгені құрады, осындай сегіз факт анықталды", - делінген полиция хабарламасында.
Үш негізгі ұйымдастырушы қамауға алынды. Іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша күдіктілерден ақша, құжаттама, цифрлық тасымалдағыштар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
ҚР ҚК-нің 116-бабы "Адамның ағзалары мен тiндерiн алып қоюға мәжбүрлеу немесе заңсыз алып қою" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.