Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина әскерінің 10-нан астам шабуылына тойтарыс берілді – Ресей қорғаныс министрлігі

© Sputnik / Станислав Красильников / Медиабанкке өтуСтрельба агитационными снарядами по позициям ВСУ на Северском направлении
Стрельба агитационными снарядами по позициям ВСУ на Северском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
Ресей әскери ведомствосының мәліметі бойынша бір күнде жараланған және қаза тапқан Украина әскерилерінің саны 485-ке жеткен, үш броньдалған жауынгерлік машинасынан, гаубица және зеңбіректен айырылған
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Ресей Қарулы күштерінің "Юг" әскер тобы бір тәулікте Донецк бағытында Украина Қарулы күштерінің 9 шабуылына тойтарыс берді, деп хабарлады РФ қорғаныс министрлігі.
Украина қаза тапқан және жараланған 485 әскери қызметкерінен, сондай-ақ 8 техникасынан, соның ішінде бір америкалық AN/TPQ-36 батареяға қарсы радиолокациялық жүйесінен айырылған.
"Донецк бағытында "Южная" әскер тобының бөлімшелері авиация және артиллериямен бірлесе отырып, украин бөлімшелерінің тоғыз шабуылына тойтарыс берді", - деп толықтырды ведомсвто.
Қарсы тараптың ДХР-дың Орехово-Василевка және Андреевка елді мекендері аудандарында адам күші мен техникасы талқандалған.
Қорғаныс министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, Украинаның осы бағыттағы күн сайынғы шығыны қаза тапқан және жараланған 485 украиналық әскери қызметкерді, үш броньдалған жауынгерлік машинаны, екі автомобильді, "Мста-Б" гаубицасын, сондай-ақ Д-20 зеңбірегін құрады.
Сонымен қатар АҚШ-та жасалған AN/TPQ-36 батареяға қарсы радиолокациялық станция, сондай-ақ Украина Қарулы күштерінің 3-ші шабуылдаушы бригадасының далалық оқ-дәрі қоймасы жойылған.
Бүгінгі тәулікте оңтүстік әскер тобының бөлімшелері авиациялық және артиллериялық атыстар арқылы Клещеевка ауданында 5-ші шабуылдаушы бригада бөлімшелерінің шабуылын тойтарған.
Сонымен қатар Украина Қарулы күштерінің 53-ші жеке механикаландырылған бригадасының 2-ші атқыштар, 1-ші және 2-ші механикаландырылған батальондарының шабуылдау топтарының шабуылдары тойтарылды.
Артиллерия 110 жеке механикаландырылған бригаданың 2-ші механикаландырылған батальонының уақытша орналастыру пунктін атқылап, Украина Қарулы күштерінің Новоселовкадағы оқ-дәрі қоймасы жойылған.
Батареяға қарсы күрес кезінде Очеретино, Предтечино, Дылеевка және Семеновка аудандарында америкалық екі 155 миллиметрлі M777 зеңбірегі, поляк өндірісіне жататын 155 миллиметрлі "Краб" зеңбірегі және екі 152 миллиметрлі Д-20 гаубицасы жойылған.
Әскер тобының баспасөз орталығы хабарлағандай, Белогоровка, Берестовое, Клиновое, Красногоровка және Пески елді мекендерінің аумағында қарсы тараптың "Валькирия", "Лелека-100", "Мейвик-3" және FPV типті жеті пилотсыз ұшатын аппараты атып түсірілген.
Жаңалықтар
0