https://sputnik.kz/20231017/turkistandyq-ayel-kasipkerlerdin-5-million-tengesin-alyp-tayyp-turgan-39403158.html
Түркістандық әйел кәсіпкерлердің 5 миллион теңгесін алып, тайып тұрған
Түркістандық әйел кәсіпкерлердің 5 миллион теңгесін алып, тайып тұрған
Sputnik Қазақстан
Белгілі болғандай, әйелдің субсидия алу ойында да болмаған 17.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-17T08:08+0500
2023-10-17T08:08+0500
2023-10-17T08:08+0500
субсидиялар
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:359:2273:1638_1920x0_80_0_0_9ff3ef3872f66b7a250e89d3a41695c2.jpg
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Түркістан облысында кәсіпкерлерге субсидия алуға көмектесемін деп 5 млн теңге алып, хабар-ошарсыз кеткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.Департаменттің мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне үш кәсіпкер хабарласқан. Олар танысы бизнесті дамытуға мемлекеттен тегін субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, ақшаны алып тайып тұрғанын айтып шағымданған.Келтірілген шығынның жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асқан. Полиция ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті табылып, қамауға алынды.Белгілі болғандай, әйелдің субсидия алу ойында да болмаған, ал кәсіпкерлерден алған ақшасын несиесін өтеуге жұмсаған. Күдікті қамауға алынып, іс сотқа жіберілді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/08/0a/26639669_0:287:2273:1992_1920x0_80_0_0_42a1875d27f2dcde87e76f821fdcb7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
субсидиялар, алаяқ
Түркістандық әйел кәсіпкерлердің 5 миллион теңгесін алып, тайып тұрған
Белгілі болғандай, әйелдің субсидия алу ойында да болмаған
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Түркістан облысында кәсіпкерлерге субсидия алуға көмектесемін деп 5 млн теңге алып, хабар-ошарсыз кеткен алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Департаменттің мәліметінше, Жетісай аудандық полиция бөліміне үш кәсіпкер хабарласқан. Олар танысы бизнесті дамытуға мемлекеттен тегін субсидия алуға көмектесуге уәде беріп, ақшаны алып тайып тұрғанын айтып шағымданған.
"Ол әрбір жәбірленушіден қомақты ақша алған, бірақ уәдесін орындамай, хабар-ошарсыз кеткен", – деді полиция департаментінен.
Келтірілген шығынның жалпы сомасы 5 миллион теңгеден асқан. Полиция ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті табылып, қамауға алынды.
Белгілі болғандай, әйелдің субсидия алу ойында да болмаған, ал кәсіпкерлерден алған ақшасын несиесін өтеуге жұмсаған. Күдікті қамауға алынып, іс сотқа жіберілді.