Sinopec Қазақстанда құны 7,7 миллиард доллар болатын зауыт салады

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаГлава государства принял председателя совета директоров компании SINOPEC Ма Юншэна
Глава государства принял председателя совета директоров компании SINOPEC Ма Юншэна 
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
Тоқаев Қазақстан мұнай-газ химиясына қатысты әлемдік деңгейдегі мұндай ауқымды жобаны бұған дейін жүзеге асырмағанын атап өтті
АСТАНА, 17 окт - Sputnik. Қытайлық SINOPEC компаниясы Қазақстанда 2024 жылдың екінші жартысында полиэтилен өндірісі зауыт құрылысын бастауға ниеттеніп отыр. Бұл туралы Тоқаевқа компанияның директорлар кеңесінің төрағасы Ма Юншэн айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Тараптар өзара ынтымақтастық және мұнай-газ химиясы мен энергетика салаларындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
Тоқаев Қазақстан мұнай-газ химиясына қатысты әлемдік деңгейдегі мұндай ауқымды жобаны бұған дейін жүзеге асырмағанын атап өтті. Жобаның жалпы құны – 7,7 миллиард доллар.
"Біз компанияның Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытуға, сондай-ақ еліміздің мұнай-газ саласына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Сіздің кәсіпорныңызбен ынтымақтастықты нығайтуға мүдделіміз әрі сіздің компанияңызды Қазақстанның стратегиялық серіктесі деп санаймыз", – деді президент.
Өз кезегінде Ма Юншэн тағы бір стартегиялық жобаны жүзеге асыру – Атырау мұнай өңдеу зауытының базасында терефталь қышқылы мен полиэтилентерефталат өндірісі кешенін салу жоспарын жеткізді.
Бұдан бөлек, кездесуде геологиялық барлау және жер қойнауын пайдалану, сондай-ақ аталған бағытта заманауи технологияларды қолдануға қатысты ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.
Касым-Жомарт Токаев и Лю Шицинь - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Президент Бейжіңде 40 жыл бұрын оқытқан профессорымен кездесті
Жаңалықтар
0