Қазақстан құрамасы тұңғыш рет боччадан Азия Паралимпиада ойындарына қатысады

© Photo : Официальный сайт XIX Азиатских игрХанчжоу. Виды города
Ханчжоу. Виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.10.2023
Жазылу
Бочча – Қазақстанда енді енді ғана дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі
АСТАНА, 17 қазан - Sputnik. Қазақстан құрамасы тұңғыш рет боччадан Ханчжоу қаласында өтетін Азия Паралимпиада ойындарына қатысады, деп хабарлайды "Хабар 24".
Ел ішінде өткен чемпионатта іріктелген үздік команда енді Қазақстан намысын қорғайтын болады. Биыл еліміз ресми түрде Халықаралық бочча федерациясына мүше болды. Бұл өз кезегінде пара спортшылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашпақ.
"Дайындық қарқынды өткізілді. Төртінші Пара Азия ойындарына квота алғаннан кейін дайындықты бастап кеттік. 3 оқу-жаттығу жиынын өткіздік. Бір халықаралық жарысқа барып келдік", - дейді боччадан Қазақстан құрамасының бас жаттықтырушысы Диана Молдахметова.
Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы Нұргүл Үлжекованың айтуынша, алғаш рет бочча спорт түрінен, паралимпиадалық спорт түрінен Қазақстаннан 4 спортшы Қытайға Азиадалық пара ойындарына қатысады.
"Біздің үлкен арманымыз – енді паралимпиадалық ойындарына жолдама алу", - дейді ол.
Бочча – Қазақстанда енді енді ғана дамып келе жатқан спорт түрлерінің бірі.
Жаңалықтар
0