https://sputnik.kz/20231017/qazaqstan-khamas-pen-izrail-arasyndagy-qaruly-qaqtygysty-tez-arada-toqtatuga-shaqyrdy-39421953.html
Қазақстан ХАМАС-тың бейбіт тұрғындарға шабуылын айыптайды – СІМ
Қазақстан ХАМАС-тың бейбіт тұрғындарға шабуылын айыптайды – СІМ
Sputnik Қазақстан
Сыртқы істер министрлігі ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады 17.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-17T15:55+0500
2023-10-17T15:55+0500
2023-10-17T16:06+0500
израиль
палестина
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39336121_0:88:2400:1438_1920x0_80_0_0_d0856f89885fa713750b31f48a8dcfca.jpg
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Қазақстан ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады.Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптайды.Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғынның қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеп соқтыратын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды."Мұндай жағдайда халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Палестина халқының заңды құқықтарын көздейтін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын орындау өте маңызды. Зорлық-зомбылық әрекеті қайта зорлық-зомбылықты тудырады және Таяу Шығыс пен бүкіл әлем үшін сөзсіз қайғылы салдарға алып келеді", - деп жазылған мәлімдемеде.Қазақстан Газа секторының тұрғындарын эвакуациялау үшін белгіленген мерзімдерді алып тастау және бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен халықаралық қоғамдастықпен ниеттес екенін білдірді.Осыған байланысты Қазақстан тараптарды әскери әрекеттерді тез арада тоқтатуға және "екі халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде аймақтың барлық тұрғыны үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу жөніндегі күш-жігерді жандандыруға шақырды.
израиль
палестина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/0d/39336121_0:0:2134:1600_1920x0_80_0_0_1d766b703d146c17c3c82f5040a92eb2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
израиль, палестина
Қазақстан ХАМАС-тың бейбіт тұрғындарға шабуылын айыптайды – СІМ
15:55 17.10.2023 (жаңартылды: 16:06 17.10.2023) Сыртқы істер министрлігі ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа байланысты мәлімдеме жасады
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Қазақстан ХАМАС пен Израиль арасындағы қарулы қақтығысқа қатысты мәлімдеме жасады.
Қазақстан ХАМАС-тың израильдік бейбіт тұрғындарға шабуылын және шетел азаматтарын кепілге алуын айыптайды.
"Біз БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің кепілге алынған адамдарды алдын ала шартсыз дереу босату және гуманитарлық көмекке кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ету қажеттілігі туралы үндеуін қолдаймыз", - деп мәлімдеді Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстан Израильді Газа секторында көптеген бейбіт тұрғынның қаза болуына және азаматтық инфрақұрылымның жойылуына әкеп соқтыратын пропорционалды емес күш қолданудан бас тартуға шақырды.
"Мұндай жағдайда халықаралық құқық нормаларын сақтай отырып, Палестина халқының заңды құқықтарын көздейтін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті қарарларын орындау өте маңызды. Зорлық-зомбылық әрекеті қайта зорлық-зомбылықты тудырады және Таяу Шығыс пен бүкіл әлем үшін сөзсіз қайғылы салдарға алып келеді", - деп жазылған мәлімдемеде.
Қазақстан Газа секторының тұрғындарын эвакуациялау үшін белгіленген мерзімдерді алып тастау және бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап еткен халықаралық қоғамдастықпен ниеттес екенін білдірді.
Осыған байланысты Қазақстан тараптарды әскери әрекеттерді тез арада тоқтатуға және "екі халық үшін екі мемлекет" формуласы негізінде аймақтың барлық тұрғыны үшін бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке қол жеткізу жөніндегі күш-жігерді жандандыруға шақырды.