https://sputnik.kz/20231017/ontustikten-soltustikke-koshetinderge-baspana-qunynyn-50-ine-deyin-otemaqy-beriledi-39405351.html
Оңтүстіктен солтүстікке көшетіндерге баспана құнының 50%-іне дейін өтемақы беріледі
Оңтүстіктен солтүстікке көшетіндерге баспана құнының 50%-іне дейін өтемақы беріледі
Sputnik Қазақстан
Бүгінде 622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алған 17.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-17T09:50+0500
2023-10-17T09:50+0500
2023-10-17T09:50+0500
қоныс аударушылар
https://sputnik.kz/img/old/836/78/8367826_0:0:2615:1470_1920x0_80_0_0_1a320a61a78fa127343464d70917af13.jpg
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған отбасыларға жаңа баспана алуға қаржылай көмек көрсетіледі. Оларға тұрғын үй құнының 50%-і мөлшерінде өтемақы көзделген ұтқырлық сертификаттары беріледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасына сәйкес қоныс аудару механизмі қайта қаралғанын атап өтті.Оның айтуынша, қазіргі таңда 7,5 мың адам солтүстік және шығыс өңірлерге қоныс аударған немесе жылдық жоспардың 87%-і орындалды. Ұлытау облысын қоспағанда, басқа облыстарда көшу үрдісі жоғары деңгейде жүріп жатыр. Ішкі қоныс аударушылардың көпшілігі – Түркістан және Алматы облыстарының бұрынғы тұрғындары."Көшіп келген еңбекке қабілетті азаматтардың 73%-і жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 5,2 мың адамға көшу шығыстарын өтеу үшін біржолғы материалдық көмек берілді. 622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алды, 395 отбасы солтүстік өңірлерде баспаналы болды", - деді министр.Жақыпова қолға алынып отырған шаралар ішкі көші-қон саясатын тиімді "қайта жүктеуге" мүмкіндік береді деп санайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/836/78/8367826_0:0:2615:1962_1920x0_80_0_0_f4d8adc27b40c7d802e80b335ab65263.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қоныс аударушылар
Оңтүстіктен солтүстікке көшетіндерге баспана құнының 50%-іне дейін өтемақы беріледі
Бүгінде 622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алған
АСТАНА, 17 қазан – Sputnik. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударған отбасыларға жаңа баспана алуға қаржылай көмек көрсетіледі. Оларға тұрғын үй құнының 50%-і мөлшерінде өтемақы көзделген ұтқырлық сертификаттары беріледі, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасына сәйкес қоныс аудару механизмі қайта қаралғанын атап өтті.
"Еңбек күші артық өңірлерден қоныс аударуды ынталандыру үшін жаңа жердегі тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде (жұмыс беруші растаған жұмыс орны болған кезде) қаржылық көмекке құқық беретін ұтқырлық сертификаттары енгізілді", - деді Жақыпова үкімет отырысында.
Оның айтуынша, қазіргі таңда 7,5 мың адам солтүстік және шығыс өңірлерге қоныс аударған немесе жылдық жоспардың 87%-і орындалды. Ұлытау облысын қоспағанда, басқа облыстарда көшу үрдісі жоғары деңгейде жүріп жатыр. Ішкі қоныс аударушылардың көпшілігі – Түркістан және Алматы облыстарының бұрынғы тұрғындары.
"Көшіп келген еңбекке қабілетті азаматтардың 73%-і жұмыспен қамту шараларымен қамтылды, 5,2 мың адамға көшу шығыстарын өтеу үшін біржолғы материалдық көмек берілді. 622 отбасы экономикалық ұтқырлық сертификатын алды, 395 отбасы солтүстік өңірлерде баспаналы болды", - деді министр.
Жақыпова қолға алынып отырған шаралар ішкі көші-қон саясатын тиімді "қайта жүктеуге" мүмкіндік береді деп санайды.