https://sputnik.kz/20231017/darumenderdin-adam-agzasyna-paydasy-men-ziyany-39425407.html
Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы мен зияны
Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы мен зияны
Sputnik Қазақстан
С дәруменін шектен тыс пайдаланудың салдарынан бүйрекке тас байланады 17.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-17T21:16+0500
2023-10-17T21:16+0500
2023-10-17T21:16+0500
дәрумен
https://sputnik.kz/img/877/69/8776910_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_e1b73dfeeaabe294ab962c84618939c4.jpg
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Қандай дәрумендер пайдалы, оны көп ішсе ағзаға қалай әсері етеді? Бұл сұрақтың жауабын Sputnik Қазақстан тілшісі мамандардан сұрап білді.Дәрумен — ерекше органикалық зат. Дәрумен адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Ол дене және ой еңбегін арттырады, ауруға қарсы тұруға көмектеседі. Тағам құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, ауруға шалдықтырады.Эндокринолог Сәуле Біркееваның айтуынша, ең пайдалысы – Д дәрумені.Маманның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда йод тапшылығына шалдыққандар баршылық."Мысалы калий йодиді. 2003 жылы тұзды йодтау және оны тамақ өнеркәсібінде қолдану туралы заң қабылданды. Калий йодиді тек белгілі бір адамдар тобына қажет, әсіресе ол14 жасқа дейінгі балаларға, жүкті аналарға, бала емізетін аналарға ауадай қажет", - дейді Сәуле Біркеева.L-тирозин – қалқанша безінің гормондарын синтездеу үшін қажет маңызды амин қышқылы. Тирозин сиыр, тауық, күркетауық, авокадо, бадамда болады. Бұл дәрумен ақуыз өнімдерінде де көп болады."Тағы бір дәрумен туралы ерекше айта кеткім келеді, ол – Омега-3. Кез келген адам аптасына 2-3 рет теңіз өнімдерін: майлы балық, оның ішінде кәдімгі скумбрия немесе майшабақ жеу керек. Бұл азық-түлік өнімдерінде омега + йод, мыс фосфоры, ақуыз және тағы басқа ағзаға пайдалы дәрумендер бар. Егер балыққа аллергияңыз болса, қолдануға болмайды", - дейді эндокринолог.Оның айтуынша, Қазақстанда бүйрегіне тас байланатын науқастар саны артқан.Маман дәруменді қабылдардан бұрын дәрігермен кеңесу қажеттігін айтты. Өйткені кейбірі ағзаға кері әсер етеді. Дәрігер-иммунолог Әсел Ералықызы да дәл осындай пікірде."Біздің дәрі-дәрмек жасайтын өндірістеріміз дайын қапталған тәтті дәрумендер жасайды. Бірақ дәрумендерді дәрігердің рұқсатынсыз сырқат немесе дені сау адамдардың ішуіне болмайды. Дәруменді дұрыс пайдаланбай, оны көп мөлшерде ішсе, адам ауруға ұшырауы әбден ықтимал, денсаулыққа зиян келуі мүмкін", - дейді дәрігер-иммунолог Әсел Ералықызы.Дәрумендер және олардың маңызыА дәрумені – ағзаның өсуіне және дамуына әсер етеді. Ол дененің қорғаныш қасиетін арттырып, көздің көру қабілетін жақсартады. Терідегі зат алмасуды реттейді. А дәрумені нәлім (треска) балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанақта кездеседі.Ал В дәруменінің түрі өте көп, В1, В2, В6, В12, В15 . Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда болады. В дәрумендерінің тобы бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі тозады және ашуланшақ болады.Ві2 дәрумені – жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсіп, оттегін тасымалдауға әсер етеді. Бұл дәрумен жетіспесе, адам қан аздық ауруына шалдығады.ВІБ дәрумені – жүрек қан тамырларының жұмысына және бауырға әсер етеді.С дәрумені ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тісті жақсартады. Ол ағзаға қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған орамжапырақты тағамға көбірек пайдаланған жөн."Д дәрумені денемізде күн сәулесінен түзіледі. Бұл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспай, аяң сүйектері қисайып, басы мен іші үлкейеді. Бұл аурудан сақтану үшін баланы таза ауада, күншуақта серуендету керек", - дейді Әсел Ералықызы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/877/69/8776910_0:0:1920:1440_1920x0_80_0_0_741d81e19f48fd54ecd51d4c9eb54252.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дәрумен витаминдер а витамин в витамин с витамин д витамин
дәрумен витаминдер а витамин в витамин с витамин д витамин
Дәрумендердің адам ағзасына пайдасы мен зияны
С дәруменін шектен тыс пайдаланудың салдарынан бүйрекке тас байланады
АЛМАТЫ, 17 қазан – Sputnik. Қандай дәрумендер пайдалы, оны көп ішсе ағзаға қалай әсері етеді? Бұл сұрақтың жауабын
Sputnik Қазақстан тілшісі мамандардан сұрап білді.
Дәрумен — ерекше органикалық зат. Дәрумен адам ағзасының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажет. Ол дене және ой еңбегін арттырады, ауруға қарсы тұруға көмектеседі. Тағам құрамында дәрумен жеткіліксіз болса, ағзаның жұмысы нашарлап, ауруға шалдықтырады.
Эндокринолог Сәуле Біркееваның айтуынша, ең пайдалысы – Д дәрумені.
"Д дәрумені әркімге қажет. Бірақ бұл дәруменді дәрігердің кеңесімен ғана ішу керек. Өйткені оны мөлшерден артық ішсе, адам ағзасы уланып қалады. Дәруменнің орташа дозасы 2000 ХБ (халықаралық бірлік), семіздікпен, қант диабетімен ауыратын науқастарға 4000-5000 ХБ болу керек", - дейді эндокринолог.
Маманның айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда йод тапшылығына шалдыққандар баршылық.
"Мысалы калий йодиді. 2003 жылы тұзды йодтау және оны тамақ өнеркәсібінде қолдану туралы заң қабылданды. Калий йодиді тек белгілі бір адамдар тобына қажет, әсіресе ол14 жасқа дейінгі балаларға, жүкті аналарға, бала емізетін аналарға ауадай қажет", - дейді Сәуле Біркеева.
L-тирозин – қалқанша безінің гормондарын синтездеу үшін қажет маңызды амин қышқылы. Тирозин сиыр, тауық, күркетауық, авокадо, бадамда болады. Бұл дәрумен ақуыз өнімдерінде де көп болады.
"Тағы бір дәрумен туралы ерекше айта кеткім келеді, ол – Омега-3. Кез келген адам аптасына 2-3 рет теңіз өнімдерін: майлы балық, оның ішінде кәдімгі скумбрия немесе майшабақ жеу керек. Бұл азық-түлік өнімдерінде омега + йод, мыс фосфоры, ақуыз және тағы басқа ағзаға пайдалы дәрумендер бар. Егер балыққа аллергияңыз болса, қолдануға болмайды", - дейді эндокринолог.
Оның айтуынша, Қазақстанда бүйрегіне тас байланатын науқастар саны артқан.
"Бұл С дәруменін шектен тыс пайдаланудың салдарынан болады. С витаминін қабылдаудың орнына диеталық қоспа түрінде апельсин немесе болгар бұрышын, қырыққабат, мандарин, киви, қарақат, қызанақ, аскөк жеңіз. Бұл тағамдарда сіздің ағзаңызға қажетті дәруменнің түр-түрі бар", - дейді Сәуле Біркеева.
Маман дәруменді қабылдардан бұрын дәрігермен кеңесу қажеттігін айтты. Өйткені кейбірі ағзаға кері әсер етеді. Дәрігер-иммунолог Әсел Ералықызы да дәл осындай пікірде.
"Біздің дәрі-дәрмек жасайтын өндірістеріміз дайын қапталған тәтті дәрумендер жасайды. Бірақ дәрумендерді дәрігердің рұқсатынсыз сырқат немесе дені сау адамдардың ішуіне болмайды. Дәруменді дұрыс пайдаланбай, оны көп мөлшерде ішсе, адам ауруға ұшырауы әбден ықтимал, денсаулыққа зиян келуі мүмкін", - дейді дәрігер-иммунолог Әсел Ералықызы.
Дәрумендер және олардың маңызы
А дәрумені – ағзаның өсуіне және дамуына әсер етеді. Ол дененің қорғаныш қасиетін арттырып, көздің көру қабілетін жақсартады. Терідегі зат алмасуды реттейді. А дәрумені нәлім (треска) балығының бауырында, теңіз алабұғасында, сары майда, сәбізде, қызанақта кездеседі.
Ал В дәруменінің түрі өте көп, В1, В2, В6, В12, В15 . Сондықтан оларды В дәрумендер тобы деп атайды. Олар нанда, жемістерде және әсіресе ашытқыда болады. В дәрумендерінің тобы бұлшықет пен жүйке жүйесінің жұмысына әсер етеді. Бұл дәрумен жеткіліксіз болғанда адам тез шаршап-шалдығады, жүйкесі тозады және ашуланшақ болады.
Ві2 дәрумені – жілік майында қызыл қан түйіршіктерінің жетіліп, қанға түсіп, оттегін тасымалдауға әсер етеді. Бұл дәрумен жетіспесе, адам қан аздық ауруына шалдығады.
ВІБ дәрумені – жүрек қан тамырларының жұмысына және бауырға әсер етеді.
С дәрумені ағзаның түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұруын арттырады, сүйек пен тісті жақсартады. Ол ағзаға қыста және көктемде көбірек қажет. Бұл дәрумен ағзада жеткілікті болу үшін көкөністер мен жемістерді, ашыған орамжапырақты тағамға көбірек пайдаланған жөн.
"Д дәрумені денемізде күн сәулесінен түзіледі. Бұл дәруменнің жетіспеуінен жас нәрестелер мешел ауруымен ауырады. Мешел ауруымен ауырғанда ұйқысы нашарлап, қаңқасы дұрыс қалыптаспай, аяң сүйектері қисайып, басы мен іші үлкейеді. Бұл аурудан сақтану үшін баланы таза ауада, күншуақта серуендету керек", - дейді Әсел Ералықызы.