https://sputnik.kz/20231016/toqaev-qytayga-resmi-saparmen-bardy--39392125.html
Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды
Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды
Sputnik Қазақстан
Президент "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады 16.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-16T18:15+0500
2023-10-16T18:15+0500
2023-10-16T18:40+0500
қасым-жомарт тоқаев
қытай
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/10/39391259_0:66:1280:786_1920x0_80_0_0_f3ca2e0747f29e6a5001610b28fa8cc7.jpg
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы сап түзеген Бейжің әуежайында ҚХР өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды. Екі күндік ресми сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады. Бұдан бөлек, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.
қытай
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/0a/10/39391259_73:0:1208:851_1920x0_80_0_0_79eab281a8c248d415ace7985665b953.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қытай
қасым-жомарт тоқаев, қытай
Тоқаев Қытайға ресми сапармен барды
18:15 16.10.2023 (жаңартылды: 18:40 16.10.2023) Президент "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысын Құрмет қарауылы сап түзеген Бейжің әуежайында ҚХР өнеркәсіп және ақпарат министрі Цзинь Чжуанлун және басқа да лауазымды тұлғалар салтанатпен қарсы алды.
Екі күндік ресми сапар барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен, ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Цянмен және Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен келіссөздер жүргізеді, сондай-ақ жоғары деңгейдегі "Бір белдеу, бір жол" бастамасының III форумына қатысады.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Бейжің Тіл және мәдениет университетінің аумағында орнатылған Әбу Насыр Әл-Фараби бюстін салтанатты түрде ашады. Бұдан бөлек, сапар аясында Қытайдың ірі компаниялары басшыларымен бірқатар кездесу өткізеді.