Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ке жетті

© PhotoРоман Скляр встретился с региональным директором ИКАО Николя Ралло
Роман Скляр встретился с региональным директором ИКАО Николя Ралло - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2023
Жазылу
Қазақстанның азаматтық авиацияны басқару жүйесін реформалау саласындағы оң ілгерілеу байқалады
АСТАНА, 16 қазан - Sputnik. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ИКАО Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николас Ралло мырзамен кездесті, деп хабарлайды Азаматтық авиация комитеті.
"Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен ИКАО арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Еуропалық және Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директорының еліміздің ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстағы ілгерілеуін атап өтті", - делінген хабарламада.
Осылайша, ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі 82%-ға дейін артып отыр. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 13 пайызға жоғары.
Сонымен қатар Қазақстанның азаматтық авиацияны басқару жүйесін реформалау саласындағы оң ілгерілеу байқалатынына назар аударылды. Кездесу барысында Николас Ралло ИКАО ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздікті, жолаушылар үшін әуе көлігінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ әуе тасымалы нарығын ілгерілету бойынша Қазақстанда жүргізіліп жатқан барлық реформа мен бастаманы қолдайтынын айтып жеткізді.
В Министерстве транспорта прошло совещание с представителями отечественной авиационной отрасли - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.10.2023
Қазақстанда авиация саласында жоғары білікті мамандар тапшы – көлік министрлігі
Жаңалықтар
0