Еліміздегі көлік инфрақұрылымының жай-күйі үнемі бақылауда – Қарабаев

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства
Заседание правительства  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2023
Жазылу
Бұл – мемлекеттің экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Көлік министрі Алматыға жұмыс сапары кезінде еліміздің экономикалық өсуінің маңызды факторларының бірі –көлік инфрақұрылымын серпінді дамыту және жетілдіру екенін мәлімдеді, деп хабарлайды ведмоствоның баспасөз қызметі.

"Әлеуметтік-экономикалық тіршіліктің іркіліссіз жұмыс істеуі үшін жетілген әрі бәсекеге қабілетті жол-көлік инфрақұрылымы нысандарының болуы ауадай қажет. Сол себепті аталған мәселе үнемі назарымызда", - деді Марат Қарабаев.

Министр Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарының жұмысымен танысты. Оған 2019 жылдан бастап жүзеге асырылған және объектілерді жөндеу бойынша 2024 жылға дейін жоспарланған жұмыстар туралы баяндалды.
Сондай-ақ Марат Қарабаев Алматы халықаралық әуежайының жұмысын тексерді. Министр өткен жылдың наурыз айында басталған жаңа жолаушылар терминалын салу жобасының іске асырылу барысымен танысты. Жұмыстарды 2024 жылдың шілде айында аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда жоба 71 пайызға дайын.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2023
Қазақстан орта және оңтүстік көлік дәліздерін дамытады
Жаңалықтар
0