Елімізде жеңіл автомобиль шығару көлемі 1,5 есе өсті

© Sputnik / Абзал КалиевПлатные дороги в Казахстане
Платные дороги в Казахстане - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2023
Жазылу
Автоөнеркәсіп Қазақстанның шикізаттық емес индустриясын дамытудың негізгі драйверіне айналды
АЛМАТЫ, 16 қазан - Sputnik. Қазақстанда жеңіл автомобиль шығару көлемі бір жылда 1,5 есеге өсті, деп хабарлайды Finprom.
Қазақстанда жеңіл автомобильдер шығару көлемі бір жылда нақты мәнде 41,4%-ке және құндық мәнде 66,7%-ке өсті.
Жалпы, машина жасау өнімінің көлемі биыл қаңтар-тамыз айларында 2,6 трлн теңгені құрады. Бұл еліміздің өңдеу өнеркәсібі саласындағы барлық шығарылымның 19%-ін, ал өнеркәсіптік өндірістің 9%-ін құрайды.
Оның 1,2 трлн теңгесі, яғни жартысына жуығы автоөнеркәсіппен қамтамасыз етілді. Сарапшылар қорытындысына сәйкес, автоөнеркәсіп – Қазақстанның шикізаттық емес индустриясын дамытудың негізгі драйвері.
"Сонымен қатар өңдеу саласында 22,2% жұмысшы болса, соның 22%-і машина жасау өнеркәсібінде жұмыс істейді", - делінген хабарламада.
Тікелей автоөнеркәсіпте биылғы жылдың екінші тоқсанының қорытындысы бойынша қызметкерлердің саны 5,7 мың адамды (плюс жылына 28,8%), ал нақты саны — 5,5 мың адамды (плюс жылына 27,4%) құрады.
Қазақстандағы автоөнеркәсіптер негізінен (88%) Қостанай облысы мен Алматыда шоғырланған: тиісінше 596,6 млрд және 418,8 млрд теңге.
Қарағанды облысы 55 млрд теңге, Абай облысы 39,6 млрд теңге, ал Ақмола облысы 37,4 млрд теңге жұмсады. Республиканың басқа өңірлеріне 9,1 млрд теңге жұмсалды.
Биылғы жылдың сегіз айында Қазақстанда 97,3 мың автокөлік (жылына 41,4%) шығарылды, оның ішінде 88,5 мыңы – жеңіл автомобильдер (плюс 41,5%).
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2023
Қазақстан орта және оңтүстік көлік дәліздерін дамытады
Жаңалықтар
0