https://sputnik.kz/20231016/qayrat-boranbaev-quny-14-mlrd-tengeden-asatyn-qonaq-uydi-memleketke-berdi-39385712.html
Қайрат Боранбаев құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үйді мемлекетке берді
Қайрат Боранбаев құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үйді мемлекетке берді
Sputnik Қазақстан
Қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуықтайды 16.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-16T15:28+0500
2023-10-16T15:28+0500
2023-10-16T15:28+0500
экономика
қонақ үй
https://sputnik.kz/img/525/13/5251345_0:159:2993:1842_1920x0_80_0_0_6e7cf4f4efe2e911a7dc2881357ccb07.jpg
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев Астананың сол жағалауындағы қонақ үйін өз еркімен мемлекетке берді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.Қонақ үйдің жалпы құны 1,4 млрд теңгені құрайды.Ғимараттың аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Қонақ үй кешенінің жылдық айналымы – 900 млн теңгеге жуық.Агенттік ақпаратынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыру арқылы әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланып отыр.ҚМА активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыс жалғасатынын атап өтті.Айта кетері, Қайрат Боранбаев – қазақстандық кәсіпкер, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы.Биыл 15 қыркүйекте Қайрат Боранбаев ресейлік газ импорты кезінде ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды.Бұған дейін Боранбаев өз еркімен мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарған болатын. Олардың арасында мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй және сауда ойын-сауық кешендері бар.
https://sputnik.kz/20230915/qayrat-boranbaev-6-zhylga-sottaldy--38495526.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/525/13/5251345_405:291:2684:2000_1920x0_80_0_0_9f18ef44565d7436af464b899bb5a5a3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қонақ үй
Қайрат Боранбаев құны 1,4 млрд теңгеден асатын қонақ үйді мемлекетке берді
Қонақ үй кешенінің жылдық айналымы 900 млн теңгеге жуықтайды
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы Қайрат Боранбаев Астананың сол жағалауындағы қонақ үйін өз еркімен мемлекетке берді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.
Қонақ үйдің жалпы құны 1,4 млрд теңгені құрайды.
"Қайрат Боранбаевтың компаниялары Мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 млрд теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақ үй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берді", - делінген хабарламада.
Ғимараттың аумағы 5 мың шаршы метрден асады. Қонақ үй кешенінің жылдық айналымы – 900 млн теңгеге жуық.
Агенттік ақпаратынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл нысанды демалыс, сауықтыру және білім беру орталықтарын ұйымдастыру арқылы әлеуметтік мақсатта пайдалану жоспарланып отыр.
ҚМА активтерді қайтару бойынша белсенді жұмыс жалғасатынын атап өтті.
Айта кетері, Қайрат Боранбаев – қазақстандық кәсіпкер, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы құдасы.
Биыл 15 қыркүйекте Қайрат Боранбаев ресейлік газ импорты кезінде ақша жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды.
Бұған дейін Боранбаев өз еркімен мемлекетке 90 млрд теңгенің активтерін қайтарған болатын. Олардың арасында мұнай кен орны, газ тарату компаниясы, қонақ үй және сауда ойын-сауық кешендері бар.