Еуропа экономикасының ахуалы қандай

© AP Photo / Pedro RochaПрезидент Европейской комиссии Урсула фон дер Ляйен
Президент Европейской комиссии Урсула фон дер Ляйен  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2023
Жазылу
Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, Ресей биылғы жылы экономикадағы қарқыны оң G20 елдерінің бірі болады. Еуропада ірі кәсіпорындар рецессияға ұшырады, негізгі индекстер минимумға дейін төмендеді. Франция өз экономикасының құлдырауын жариялады, ал Германияны Еуроодақтағы "ең әлсіз буын" деп атады, деп жазды РИА Новости.
S&P Global мәліметтері бойынша, өндіріс секторындағы PMI іскерлік белсенділік индексі 54,5-ке дейін өсті. Тамыз айында бұл индекс 52,7 болды. 50-ден жоғары болса, өнеркәсіп нығаяды, төменірек болса, әлсірейді. Ресейде жетінші ай қатарынан өсу байқалады.
Сарапшылардың айтуынша, бұл көбінесе ішкі сұранысқа байланысты. Нақты сектордағы жұмыспен қамту соңғы 23 жылдағы ең жылдам қарқынмен өсуде. S&P Global сонымен қатар операциялық жағдайлардың күрт жақсарғанын атап өтті.
"Бұл қарқын сыртқы шектеулерге сенімді бейімделудің нәтижесі болып табылады, процесс күтілгеннен жылдамырақ жүріп жатыр. Өңдеуші өндіріс, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда кеңейіп келеді", - деп жазды РИА Новости.
Ресей статистика ведомствосының мәліметінше, тамызда өндіріс көлемі жылдық мәнде 5,4 процентке өсті. Сәуір-мамыр айларынан бері өнеркәсіп 2020 жылғы көрсеткіштің 110 процент деңгейінде тұр.
Ресей банкі екінші тоқсанда өндірістік қуаттардың жүктемесі 81 процентке жеткенін хабарлады – бұл тарихи максимум. Бұған дейінгі рекорд бірінші тоқсанда 80,3 процент деңгейінде болды. Үздік көрсеткіштер тау-кен өндіру (82,6), өңдеу (75,6) және құрылыс (77,7) кәсіпорындарына тиесілі.
Зауыттар "ішкі сұранысқа қайта бейімделу, импортты алмастыру бағдарламаларын күшейту жағдайында" өз айналымын арттырып, өндірісті жаңғыртуда, деп түсіндірді Орталық банктегілер. Сәйкесінше инвестициялық белсенділік артты.
Сондай-ақ Егор Гайдар атындағы Экономикалық саясат институтында (ЭСИ) да рекорд тіркелді. Екі тоқсанның қорытындысы бойынша орташа жүктеме 76,7 процентті (өткен жылы 76,5 болған) құрады. Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі – 83,6, тоқыма және киім өндірісі – 81,5 көрсеткішімен көш бастап тұр.
Импортты ресейлік компаниялар белсенді түрде алмастыруда. Бірінші жартыжылдықта компьютерлер, электронды және оптикалық бұйымдарды шығару 71,6 процентке, автокөлік, тіркемелер мен жартылай тіркемелер – 51,7, дайын металл бұйымдары – 45,8, жиһаз – 34,3, электр жабдықтары – 32,1, киім – 44 процентке өсті.
Батыс брендтерінің кетуі жеңіл өнеркәсіпке жақсы серпін берді. Жууға арналған құралдар және косметика, киім, азық-түлік және мал азығын өндірушілер өз көрсеткіштерін жақсартты.
Логистика мен жүк тасымалы дамып келеді. Шетелдік мұнай трейдерлері екінші реттік санкциялардан қорқып, ресейлік мұнайды тасымалдаудан бас тартқаннан кейін жүк тасымалдаушы компаниялардың тапсырыстары айтарлықтай өсті.
Мақала авторы жазғандай, Еуропада жағдай басқаша. Ұлыбританияда PMI қыркүйекте 46,8-ге дейін төмендеді (тамызда 48,6 болды). Бұл кем дегенде екі жарым жыл ішінде. Қызмет көрсету саласы әлсіреп, өндіріс құлдырады.
Экономикалық белсенділік төмендеп жатыр, деп хабарлады S&P Global. Рецессия "барған сайын үдеп бара жатыр". Тоқсанда ЖІӨ 0,4 процентке төмендеді, ал құлдырау тек қана қарқын алуда.
Мюнхен университетінің Экономикалық зерттеулер институтының есебіне сәйкес, Германияда индекс сәуір айынан бастап төмендеді. Құрылыс секторында 2009 жылдың қаңтарынан бастап ең төменгі көрсеткішке жетті. Компаниялар іскерлік жағдайдың нашарлағанын мойындады.
Германия экономикасы рецессияда. Бірінші тоқсанда ЖІӨ 2022 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 0,3 процентке төмендеді (ол кезде де минус 0,5 болды).
Үшінші тоқсанда жақсы жаққа өзгеріс болмауы мүмкін. Өйткені өнеркәсіп өсіп жатқан жоқ және жеке тұтыну бұл жағдайға аз әсер етеді, деп жазылған Бундесбанктің қыркүйектегі экономикалық есебінде.
Британиялық The Telegraph атап өткендей, Германия Еуроодақтың "ең әлсіз буынына" айналды. Бүкіл еуроаймақ бойынша көрсеткіш 43,4 тармақты құрайды. Құлдырауға энергия бағасының шарықтауы, инфляцияның және Еуропа Орталық банкінің пайыздық мөлшерлемелерінің артуы себеп болды.
Франциядағылар экономиканың құлдырағаны туралы жариялап, бұған еуропалық билікті кінәлады. "Патриоттар" партиясының басшысы Флориан Филиппо еске салғандай, жақында қаржы министрі Брюно Ле Мэр "Ресей экономикасы күйрейді деп уәде бергенімен", оның орнына француз экономикасы күйреді.
"Ресейде 2023 жылы ЖІӨ 1,5 процентке, ал еуроаймақта 0,8 процентке артады", - деп мәлімдеді саясаткер.
Қыркүйек айында халықаралық институттар Ресейге қатысты болжамдарын тағы да түзетті. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) баяндамасында экономиканың өсімі 2023 жылы 0,8 процент, ал 2024 жылы 0,9 процент болады деп болжанған. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) биылдың өзінде өз бағалауын үш рет өзгертті: қаңтарда олар плюс 0,3 процент деп есептесе, қазір бұл бір жарым процентті құрады. 2024 жылы – 1,3 процент болады деген болжам бар.
БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 2023 жылы Ресей экономикалық дамуы үдеген G20 елдерінің бірі болады. Бұл туралы Сауда және даму жөніндегі конференцияда (ЮНКТАД) айтылды.
Басты халықаралық ұйымның сарапшылары ЖІӨ биыл 2,2 процентке, келесі жылы екі процентке өседі деп болжады.
Жаңалықтар
0