2024 жылдан бастап жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары енгізіледі

© Photo : pixabay/ds_30Бухгалтерский отчет, иллюстративное фото
Бухгалтерский отчет, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2023
Жазылу
Бас кезінде жарнаның көлемі жалақының 1,5 процентін құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 процентке дейін көтеріледі
АСТАНА, 16 қазан – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушінің есебінен аударылатын міндеттік зейнетақы жарналары туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
2024 жылы 1 қаңтардан бастап жұмыс берушелер өз қаражаты есебінен жұмысшылар үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын жасайды. Бас кезінде жарнаның көлемі жалақының 1,5 процентін құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5 процентке дейін көтеріледі. Осылайша, зейнеткерлікке шыққан кезде бұл жұмыскерлер қосымша жинақтаушы зейнетақы төлемімен қамтамасыз етілетін болады.
Бұл шара қазақстандықтардың жас буынын қолдауға бағытталған. Себебі олардың зейнетақы мөлшері зейнетақы аударымдарына тікелей байланысты болады.
"Олардың зейнетақысы үш компоненттен: мемлекеттен базалық зейнетақы, жинақтаушы зейнетақы – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударымдар есебінен және шартты-жинақтаушы зейнетақы – жұмыс берушілердің жарналары есебінен құралады. жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын енгізу, әсіресе, ынтымақты өтілі жоқ (1998 жылға дейін) немесе ынтымақты жүйедегі өтілі аз азаматтар үшін өзекті", - дейді министрлік мамандары.
Осылайша, азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету үшін мемлекеттің, жұмыс берушінің және қызметкердің қатысуымен ортақ жауапкершілігі болады.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.10.2023
Қоғам
Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қанша
Жаңалықтар
0