Қазақстан 2030 жылға қарай жалпы ішкі өнім көлемін екі есе арттырады - министр

© Sputnik / Владислав ВодневМонеты, архивное фото
Монеты, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2023
Жазылу
2023 жылдың қаңтар - маусымында жалпы ішкі өнім 2022 жылмен салыстырғанда 5,3%-ке өсті
АЛМАТЫ, 15 қазан - Sputnik. 2030 жылға қарай инфрақұрылымды, шағын және орта бизнесті дамыту, көлеңкелі экономиканы айтарлықтай қысқарту және Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту есебінен жалпы ішкі өнім көлемі екі есе артатын болады, деп мәлімдеді Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров.
Ол бұл сөзін Марракеште (Марокко) Дүниежүзілік Банктің швейцариялық кіші тобы құрылтайшыларының жиналысында айтты.
Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
"Жергілікті өзін - өзі басқару органдарына бюджет пен кірістер бойынша кең өкілеттіктер беріледі", - деді министр.
Сонымен қатар ел билігі биыл экономикалық өсу қарқынын 5% деңгейінде ұстауды жоспарлап отыр.
Бұған дейін 2023 жылдың қаңтар - маусым айларында жалпы ішкі өнім 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 5,3%-ке өскені хабарланған болатын.
Здание Всемирного банка - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2023
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын
Жаңалықтар
0