Қазақстанның оңтүстігінде жаңа газ құбыры салынады – энергетика министрлігі

Газопровод - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2023
Жазылу
Халықтың жартысынан азы табиғи газға қол жеткізеді
АСТАНА, 14 қазан – Sputnik. Жетісу облысында "Талдықорған – Үшарал" газ құбырының құрылысы басталады, деп хабарлады энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
"Талдықорған – Үшарал" газ құбырын салу жөніндегі ірі инфрақұрылымдық жоба 3 ауданды: Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарын газбен қамтамасыз етеді", - деді министр өңір тұрғындарына есеп беру кездесуінде.
Сәтқалиевтің айтуынша, әкімдік жобалық-сметалық құжаттаманы дайындап жатыр. Сонан кейін құжатты министрлікті қарайды.
"2024 жылға Текелі және Үштөбе қалаларын газдандыру бойынша екі жобаны аяқтауға 3,9 млрд теңге қарастырылған", - деп толықтырды энергетика министрлігінің басшысы.
Ведомство облыста 23 жаңа жобаны іске асыруға қосымша 1,9 млрд теңге бөлу мәселесін пысықтап жатыр.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, Жетісу облысы 41,2% газдандырылған.
Жаңалықтар
0