Қазақстанда астық өнімінің 86%-нан астамы жиналды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаПрезидент ознакомился с ходом уборочной кампании
Президент ознакомился с ходом уборочной кампании - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.10.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 14 қараша - Sputnik. Қазақстандық диқандар астық өнімінің 86%-нан астамын жинады, деп хабарлайды ауыл шаруашылық министрлігі.
Бүгінгі күні Қазақстанда 14,9 млн га дәнді дақылдар жиналды, бұл жоспарланған алаңның 86,2%-н құрайды. Орташа өнімділігі 9,2 ц/га болған кезде 13,6 млн тонна астық бастырылды.
"Биылғы вегетациялық кезеңде фермерлер бірқатар қиындықтарға тап болды. Оңтүстік аймақтарда құрғақшылық болды, ал солтүстігінде қатты жаңбыр жауды, бұл егіннің жай-күйіне және жиналған дақылдың сапасына әсер етті", - дейді ведомство.
Мемлекет басшысының биыл ауа-райынан зардап шеккен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қажетті қолдау көрсету жөнінде бірқатар тапсырмалар берді:
Форвардтық сатып алу шеңберінде "Азық-түлік корпорациясының" сатып алу бағасы 3-сыныпты бидай үшін 120 мың теңге және 4-сыныпты бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде белгіленсін;
форвардтық сатып алу және тауарлық кредит бойынша фермерге айыппұл төлемей немесе 1,05 немесе 5% коэффициенті бойынша 3-сыныпты бидайды 4-сыныпқа ауыстыру жолымен ақшалай қаражатпен міндеттемелерді орындауға мүмкіндік беру;
міндеттемелерді орындауға мүмкіндігі жоқ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін 3% мөлшерінде банктік сыйақыларды өтей отырып, шартты орындау мерзімін 1 жылға ұзартуды жүзеге асыруға мүмкіндік беру.
Баяндалғанды ескере отырып, 350 мың тонна көлемінде тікелей сатып алуды мынадай бағамен жүзеге асыру ұсынылды:
4 – сыныпты бидай үшін 105 мың теңге, 5 – сыныпты бидай үшін 90 мың теңге, сыныпты емес бидай үшін 70 мың теңге.
Министрліктің айтуынша, сатып алу бюджеттен тиісті қаражат бөлінгеннен кейін жүзеге асырылатын болады.
Жаңалықтар
0