https://sputnik.kz/20231014/pavlodarda-politsiya-bolimi-bastygynyn-orynbasaryna-qatysty-tergeu-bastaldy-39360934.html
Павлодарда полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты тергеу басталды
Павлодарда полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты тергеу басталды
Sputnik Қазақстан
ПАВЛОДАР, 14 қазан – Sputnik. Павлодар облысының полиция департаменті қызметкерінің өтініші бойынша Павлодар облысы полиция бөлімі бастығының орынбасарына... 14.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-14T15:57+0500
2023-10-14T15:57+0500
2023-10-14T15:57+0500
павлодар облысы
тергеу
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_0:42:1281:762_1920x0_80_0_0_7846e4b5f2b9f1efdbbbc6468f676305.jpg
ПАВЛОДАР, 14 қазан – Sputnik. Павлодар облысының полиция департаменті қызметкерінің өтініші бойынша Павлодар облысы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты тергеу жүріпмжатыр, деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр әлеуметтік желідегі парақшасында. Ол оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталатынын айтты. Бұған дейін Павлодар телеграм-арналарының бірі облыстық полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы Павлодар қаласының солтүстік полиция бөлімінде болған оқиғамен айналысып жатқанын хабарлаған болатын. Бұл бөлім бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қоластында қызмет ететін, бес айлық жүкті әріптесін ұрды деген күдікке ілінді.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/04/04/23936478_57:0:1194:853_1920x0_80_0_0_36937ae3a41902bf3c3d96e745ed6d35.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
павлодар облысы, тергеу
Павлодарда полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты тергеу басталды
ПАВЛОДАР, 14 қазан – Sputnik. Павлодар облысының полиция департаменті қызметкерінің өтініші бойынша Павлодар облысы полиция бөлімі бастығының орынбасарына қатысты тергеу жүріпмжатыр, деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығы Василий Скляр әлеуметтік желідегі парақшасында.
"13 қазанда Павлодар қаласы полиция басқармасы Солтүстік полиция бөлімінің тергеушісінен осы бөлім бастығының орынбасарына шара қолдану туралы өтініш түсті. Менің тапсырмаммен бұл факті бойынша полиция департаменті қызметтік тергеуді бастады", - деді өңірдің бас полицейі.
Ол оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеру барысында анықталатынын айтты. Бұған дейін Павлодар телеграм-арналарының бірі облыстық полиция департаментінің жеке қауіпсіздік басқармасы Павлодар қаласының солтүстік полиция бөлімінде болған оқиғамен айналысып жатқанын хабарлаған болатын.
Бұл бөлім бастығының тергеу жөніндегі орынбасары қоластында қызмет ететін, бес айлық жүкті әріптесін ұрды деген күдікке ілінді.