Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина әскері НАТО снарядтарымен Донецк пен Горловканы атқылады

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2023
Жазылу
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Украина әскері Донецк және Горловка қалаларына 155 мм калибрлі он снаряд ұшырды, деп хабарлады Оңтүстік-Шығыс Украинадағы атысты тоқтату және жағдайды тұрақтандыруды бақылау және үйлестіру жөніндегі бірлескен орталықтың ДХР-дегі өкілдігі.
"Украина қарулы күштері мына бағыттарда: сағат 1.00 – Дзержинск елді мекені – Горловка елді мекені: 155 мм калибрлі төрт снаряд ұшырды; сағат 3.00 – Галицыновка елді мекені – Донецк қаласы: 155 миллиметр калибрлі үш снаряд ұшырды", - деп жазылған хабарламада.
Сағат 3.15-те Украина Донецкіге үш оқ-дәрі қолданып, қайтадан оқ жаудырды.
155 мм калибрлі артиллерия НАТО елдерінің қаруы. АҚШ, Канада және Австралия Украинаға ұзақ қашықтыққа ұшатын ондаған M777 гаубицасын жеткізді, оларды Украина Қарулы күштері ДХР, соның ішінде Донецкті атқылау үшін пайдаланады. Сондай-ақ Киев әскері немістің PzH 2000, поляктың САУ Krab және француздың САУ CAESAR өздігінен жүретін артиллериялық қондырғыларын алды.
Жаңалықтар
0