https://sputnik.kz/20231013/turkistan-oblysynda-patsient-darigerge-pyshaq-suqqan-39320658.html
Түркістан облысында науқас дәрігерге пышақ сұққан
Түркістан облысында науқас дәрігерге пышақ сұққан
Sputnik Қазақстан
Оқиға жеке емханада УЗИ кабинетінде болған 13.10.2023, Sputnik Қазақстан
2023-10-13T08:36+0500
2023-10-13T08:36+0500
2023-10-13T08:39+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/1260/19/12601965_0:104:2000:1229_1920x0_80_0_0_31a04a9ab617e6635a06fcf1ffafdccb.jpg
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Түркістан облысында дәрігерге пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.Бұл оқиға Сайрам ауданының Ақсукент кентінде жеке клиникада болған. Пациенттердің біреуі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарған. Сол кезде рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салды.Дәрігер шұғыл ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.Айта кетері, осы қылмыс үшін алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1260/19/12601965_112:0:1889:1333_1920x0_80_0_0_e2138416bf4ea27f1a39dc6c7a00c449.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Түркістан облысында науқас дәрігерге пышақ сұққан
08:36 13.10.2023 (жаңартылды: 08:39 13.10.2023) Оқиға жеке емханада УЗИ кабинетінде болған
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Түркістан облысында дәрігерге пышақ жарақатын салған күдікті ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл оқиға Сайрам ауданының Ақсукент кентінде жеке клиникада болған. Пациенттердің біреуі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарған. Сол кезде рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салды.
Дәрігер шұғыл ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, адамның қызметтік жұмысын жүзеге асыруына байланысты осы адамға немесе оның жақындарына қатысты жасалған әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция ауданның 27 жастағы тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Айта кетері, осы қылмыс үшін алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.