Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
Тоқаев ТМД мемлекеттері басшыларының саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
Sputnik Қазақстан
ТМД елдерінің президенттері Бішкекте Тоқаевтың орыс тілін қолдау бойынша халықаралық ұйым құру туралы бастамасын талқылайды 13.10.2023, Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.ТМД мемлекеттерінің басшылары орыс тілін қолдау бойынша халықаралық ұйым құру мәселесін талқылайды. ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Саммитте өңірдегі қазіргі жағдай талқыланып, нақты құжаттар пакетіне қол қойылады.Саммитке Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысады. Армения премьер-министрі Никол Пашинян келмеді.
ТМД елдерінің президенттері Бішкекте Тоқаевтың орыс тілін қолдау бойынша халықаралық ұйым құру туралы бастамасын талқылайды
АСТАНА, 13 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше елдердің мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысын Бішкек халықаралық әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан президенті әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.
ТМД мемлекеттерінің басшылары орыс тілін қолдау бойынша халықаралық ұйым құру мәселесін талқылайды.
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысу үшін Қырғызстанға келді
ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы шағын және кеңейтілген құрамда өтеді. Саммитте өңірдегі қазіргі жағдай талқыланып, нақты құжаттар пакетіне қол қойылады.
Саммитке Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері қатысады. Армения премьер-министрі Никол Пашинян келмеді.